Шарт жасасыңыз және қаражат жинауды бастаңыз. Шартты қолдану мерзімі аяқталғанда немесе сақтандыру жағдайы орын алғанда, ақшаны төлейміз.
Жинақтаушы өмірді сақтандыру — бұл депозит пен өмірді сақтандырудың қызметтерін біріктіретін өнім.
Сіз сақтандыру шартына қол қоясыз және шартта көрсетілген мерзімділікпен жарналар төлейсіз. Осылайша жинақ сомасын арттырасыз. Егер сақтандыру жағдайы орын алса – Freedom Life сақтандыру төлемін жүзеге асырады. Ал шарттың мерзімі аяқталған кезде – сіз инвестициялық табысты ескере отырып, жинақталған қаражатты аласыз.
Freedom Future – бұл, Өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы.
18 жастан асқан кез келген тұлға (Сақтанушы) сақтандыру шартын жасай алады. Бұл ретте Сақтандырылған тұлға 2 жастан 65 жасқа дейінгі адам бола алады.
Жарналарды төлеу кезеңділігі – айына, тоқсанына, алты айына немесе жылына бір рет
Екі жағдайда төлем атқарамыз: Шарт мерзімі аяқталғанда немесе сақтандыру жағдайы басталғанда.
Сақтандыру сомасы – сақтандыру мерзімінің соңында немесе сақтандыру жағдайы басталған кезде төленетін сома. Сақтандыру шартында көрсетілген.
Сақтандырудың үшінші жылынан бастап біз Freedom Life компаниясында пайданы бөлісуден қосымша кірістерді есептей бастаймыз.
Негізгі қорғау – өлім тәуекелі. Бірақ, қосымша қорғауды таңдауға болады: жазатайым оқиға, жарақаттану, жіті аурулар, госпитализация және мүгедектік бойынша.
Негізгі қорғау
барлық шарттар бойынша қолданылады
1. Шартты қолдану мерзімі аяғына дейін, Сақтандырылғанның өмір сүруі:
Негізгі сақтандыру сомасы + Шартты қолдану кезеңіндегі дивидендттері
2. Жазатайым оқиға немесе жіті аурулар нәтижесінде, Сақтандырылғанның өлімі
Сақтандыру сомасы
Қосымша қорғау
егер бұл шарттар шартқа енгізілген болса, жарамды
1. Жазатайым оқиға нәтижесінде, Сақтандырылғанның өлімі
Таңдау үшін сақтандыру сомасы: 1 миллион, 2 миллион немесе 3 миллион теңге
2. Дене жарақаты
Жарақат бойынша – бекітілген сомадан 3% бастап, 100% дейін
3. Госпитализация
7-ші күннен 60-шы күнге дейін, әр күніне сақтандыру сомасынан 0,2% бастап, 0,5% дейін
4. Жіті аурулар (инфаркт, инсульт, рак және т.б.)
Таңдаған сақтандыру сомасы мөлшерінде
5. Жазатайым оқиға нәтижесінде 1,2 топ мүгедектік тағайындалуы
Таңдаған сақтандыру сомасы мөлшерінде
6. Уақытша еңбекке жарамсыздық
Таңдаған сақтандыру сомасы мөлшерінде
7. Сақтанушы жазатайым оқиға салдарынан 1 немесе 2 топтағы мүгедектікке ұшыраған жағдайда, жазатайым оқиға немесе ауру салдарынан сақтандырудың үшінші жылынан бастап сақтандыру сыйлықақысын төлеуден босату.
- Өтінімді толтырыңыз біз Сізбен байланысамыз



