Шарт жасап, жинақтауды бастаңыз. Шарт мерзімі аяқталған кезде немесе сақтандыру жағдайы орын алса, ақшаны төлейміз. Төлемдер доллар бағамына индекстеледі.

Жинақтауға көмектесеміз
Жинақтау сомасы мен мерзімін таңдаңыз, ал біз сізге ыңғайлы төлем кестесін ұсынамыз. Төлемді айына бір рет, тоқсан сайын, жарты жылда немесе жылына бір рет жасауға болады.

Жиналған қаражатты төлейміз
Шарт мерзімі аяқталған кезде, жинақталған соманы және инвестициялық табысты бірге төлейміз.

Сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етеміз
Егер сақтандыру жағдайы орын алса, құн өтемақысын төлейміз.
Жинақтаушы өмірді сақтандыру – бұл депозит пен өмірді сақтандырудың функцияларын біріктіретін өнім.
Сіз шарт жасайсыз және өзіңізге ыңғайлы уақытта жарналарды төлейсіз. Осылайша жинағыңыздың сомасы артады. Егер сақтандыру жағдайы орын алса – өтемақы аласыз. Ал егер шарт мерзімі аяқталса – инвестициялық табысты қоса алғандағы жинақталған қаражатты аласыз.
Төлемдер долларға индекстеледі:
● Сіз ағымдағы бағам бойынша теңгемен жарна төлейсіз
● Егер доллар қымбатырақ болса, сіз төлемді жаңа бағам бойынша теңгемен аласыз

Freedom Money – бұл жинақтаушы өмірді сақтандыру бағдарламасы.
Жасы
Шартты 18 жастан асқан кез келген адам жасай алады. Сонымен қатар шартты 2 мен 65 жас аралығындағы басқа адам атына да рәсімдеуге болады.
Жинақтау мерзімі
5 жылдан бастап
Жарналар
Жарналарды ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда немесе жылына бір рет төлеуге болады.
Төлемдер
Ақшаны екі жағдайда төлейміз: шарт мерзімі аяқталғанда немесе сақтандыру жағдайы орын алғанда.
Инвестициялық табыс
Сақтандырудың үшінші жылынан бастап Freedom Life компаниясының дивидендтері мен пайдаға қатысуы есебінен жинақтарға қосымша табыс есептеледі.
Қосымша сақтандыру қорғанысы
Негізгі қорғаныс – өмірден айрылу тәуекелі. Сонымен қатар қосымша қорғаныс түрлерін таңдауға болады: жазатайым жағдайлардан, жарақаттардан, ауруханаға жатқызудан, ауыр дерттерден және мүгедектік жағдайларынан.
Негізгі қорғаныс
барлық шарттар үшін жарамды
1. Сақтандырылған адамның шарт мерзімінің соңына дейін өмір сүруі жағдайында:
Негізгі сақтандыру сомасы + шарт әрекет еткен кезеңдегі дивидендтер
2. Сақтандырылған адамның жазатайым оқиға немесе ауру салдарынан қайтыс болуы жағдайында
Негізгі сақтандыру сомасы + сақтандыру жағдайы болған күнге дейінгі шарт әрекет еткен кезеңдегі дивидендтер
Қосымша қорғаныс
осы шарттар келісімшартқа енгізілген жағдайда қолданылады
1. Жазатайым оқиға салдарынан өмірден айрылу
Таңдау бойынша: 1 млн, 2 млн немесе 3 млн теңге
2. Дене жарақаты.
Жарақат алған жағдайда – жарақаттан қорғау үшін белгіленген сақтандыру сомасының 3%-дан 100%-ға дейінгі мөлшерінде төлем жүзеге асырылады.
3. Госпитализация
7-ден 60-шы күнге дейін әр күн үшін сақтандыру сомасының 0,2%-дан 0,5%-ға дейінгі мөлшерінде
4. Ауыр дерт (инфаркт, инсульт, қатерлі ісік және басқа да аурулар)
Таңдалған сақтандыру сомасы мөлшерінде
5. Жазатайым оқиға салдарынан болған 1 немесе 2 топтағы мүгедектік
Таңдалған сақтандыру сомасы мөлшерінде
6. Жазатайым оқиға немесе ауру салдарынан 1 немесе 2 топтағы мүгедектік жағдайы туындаған кезде
Таңдалған сақтандыру сомасы мөлшерінде
- Төмендегі батырманы басып, онлайн өтінім жіберіңіз.
- Одан кейін біз сізбен байланысамыз. Сізге сауалнаманы толтырып, шартқа қол қою қажет болады.
- Шарт бойынша төлемді ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда немесе жылына бір рет жасауға болады.



