Freedom Finance Life
Қоңырауға тапсырыс беру
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады.
Директорлар кеңесі
Турлов Тимур Русланович
Директорлар кеңесінің Төрағасы
Ердесов Азамат Джансултанович
Директорлар кеңесінің мүшесі
Михайлов Иван Валентинович
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Басқарма
Ердесов Азамат Джансултанович
Басқарма Төрағасы
01.08.2018 жылы тағайындылған.

Активтерді басқару саласында көп жылдық тәжірибесі бар:
«BCC Invest» АҚ сауда операциялары бөлімін басқарған. «Griffon Finance» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымын атқарған. «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ Басқарма мүшесі және басқарушы директоры болған.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдап, экономист біліктілігін алған.
Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясының (Мәскеу қаласы) «Қаржы» мамандығы бойынша «Магистр» дәрежесіндегі түлегі. Сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясының (Алматы қаласы) «Қаржы» мамандығы бойынша «Магистр» дәрежесі бар.
Ердесов Азамат
Джансултанович
Басқарма Төрағасы
01.08.2018 жылы тағайындылған

Активтерді басқару саласында көп жылдық тәжірибесі бар:
«BCC Invest» АҚ сауда операциялары бөлімін басқарған. «Griffon Finance» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымын атқарған. «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ Басқарма мүшесі және басқарушы директоры болған.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдап, экономист біліктілігін алған.
Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясының (Мәскеу қаласы) «Қаржы» мамандығы бойынша «Магистр» дәрежесіндегі түлегі. Сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясының (Алматы қаласы) «Қаржы» мамандығы бойынша «Магистр» дәрежесі бар.


Мухтыбаева Айман Абдикаппаровна
Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары
13.11.2018 тағайындылған.

Сақтандыру саласында көп жылдық тәжірибесі бар:

Мансап жолын терапевтік бөлімше дәрігері болып бастаған. «Династия» ӨСК» АҚ-да Андеррайтинг және талаптарды реттеу басқармасының басшысы және жетекші андеррайтер лауазымдарын атқарған. 10 жылдан астам уақыт «БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі «БТА Өмір» еншілес компаниясы» АҚ Басқармасының Төрағасы болған. 2015 жылғы сәуір айынан бастап 2016 жылғы желтоқсан айына дейін қоса алғандағы кезеңде «Азия Life» ӨСК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары лауазымында жұмыс істеді. 2016 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары болып табылады.

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік медициналық институтын, сондай-ақ «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша Еуразиялық Нарық институтын тәмамдаған.



Басқарушы Қызметкерлер
Борангалиева Шынар Турсунбековна
Бас бухгалтер – Бухгалтерлік есеп, қаржы және есептілік басқармасының басшысы
Бухгалтерлік істе көп жылдық тәжірибесі бар:

Өзінің мансап жолын 2001 жылғы қазан айында «Династия» ӨСК» АҚ-да экономист болып бастады. 2002 жылғы ақпан айынан бастап бухгалтер лауазымына тағайындалды, ал сол жылдың қараша айында бухгалтер-экономист лауазымына ауыстырылды. Бухгалтер-экономист болып үш ай жұмыс істегеннен кейін «Династия» ӨСК» АҚ-да аға бухгалтер болды. 2005 жылдан бастап 2015 жылға дейін қоса алғандағы кезеңде, 10 жылдан астам уақыт «БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі «БТА Өмір» еншілес компаниясы» АҚ-да Бас бухгалтер лауазымын атқарды.
2015 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ-да Бас бухгалтер – Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік басқармасының басшысы болып табылады.

«Тауартану» мамандығы бойынша Өскемен кооперативтік техникумын, сондай-ақ «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша М.Тынышпаев атындағы Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын тәмамдаған.
Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді