Freedom Finance Life
Қоңырауға тапсырыс беру
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады.
Freedom Future
Өз отбасыларыңызға лайықты болашақты қамтамасыз етіңіздер
Freedom Future
Отбасылық бюджетке жүктеме түсірмей, қаржылық резерв қалыптастырыңыздар және өздеріңізді жазатайым оқиғалардан қорғаңыздар
Сіздердің пайдаларыңыз
Қаражат жинақтау
Отбасыларыңыз үшін қаржылық резерв қалыптастырыңыздар және белгілі бір мерзімге қарай қажетті соманы жинақтаңыздар
Сақтандыру қорғауы
Сақтандыру полисінің бүкіл мерзімі бойында сіздер жазатайым оқиғалардан қорғаласыздар
Тиімді инвестициялар
Сақтандырудың үшінші жылынан бастап сіздерге дивидендтер есептелуінің және компаниямыздың пайдасына қатысудың арқасында жинақталған қордан қосымша табыс есептеледі
Қарыз алу
Сіздер жинақталған қордың бір бөлігін қарыз түрінде алып, өз ақшаларыңызды шарттың аяқталуынан бұрын пайдалана аласыздар
Бөліп төлеу
Жарналарды төлеу мерзімділігін таңдаңыздар: айына бір рет, тоқсанына бір рет, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, бір жолғы төлеммен
Қосымша өтелімдер
Стандартты полиске 10 қосымша тәуекелден қорғауды, соның ішінде ауыр дерттер жағдайына сақтандыруды қосуға болады
Сақтандыру оқиғаларының қарапайым шешімі
Талаптары
Тетігі
Сақтандырылушы – 2 жастан 65 жасқа дейінгі жеке тұлға
Аннуитеттік төлемдердің мерзімділігі – айына бір рет, тоқсанына бір рет, жарты жылда бір рет, жылына бір рет
Сақтанушы – 18 жастан асқан жеке тұлға
Жарналарды төлеу мерзімділігі – айына бір рет, тоқсанына бір рет, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, бір жолғы төлеммен
Жинақтау мерзімі – 5 жылдан жоғары.
Жарналарды төлеу мерзімділігі – айына бір рет, тоқсанына бір рет, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, бір жолғы төлеммен
Сақтанушы белгілейді
Сіз кім сақтандырылған болатынын, ең жоғары мүмкін өтемақы сомасын және жарна сомасын, сақтандыру мерзімін, жарналарды төлеу кезеңділігін және қосымша жабуды таңдай аласыз
Өтінімді онлайн жіберіңіз
Сіздің байланыс деректеріңізбен бірге өтінімді толтырыңыз және жіберіңіз. Біздің мамандар сізбен бірнеше минут бойы хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап береді, полистің құнын есептейді және құжаттарды дайындауға көмектеседі.
Шарт жасасамыз
Сақтанушы мен «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ Сақтандыру шартын жасасады
Жинақтау кезеңі
Жарналарды төлеңіз және шарттың бүкіл мерзімі ішінде ақша жинаңыз
Дивидендтер есептеу
3-ші жылдан бастап біздің компания сақтандыру дивидендтер қалыптастыратын бонустық сақтандыру сомасын есептейді
Риза клиент!
"Freedom Finance Life" ӨСК " шарты аяқталғаннан кейін пайда алушыға сақтандыру және бонустық сақтандыру сомасын төлейді
Қосымша қорғау түрлері
Негізгі қорғау
1. Сақтандырылушының сақтандыру мерзімінің соңына дейін өмір сүруі: Негізгі сақтандыру сомасы + шарттың қолданылу кезеңіне дивидендтер.

2. Сақтандырылушының жинақтау/сақтандыру кезеңінде қайтыс болуы: Негізгі сақтандыру сомасы + сақтандыру оқиғасы орын алған күнге дейінгі шарттың қолданылу кезеңіне дивидендтер.
Қосымша қорғау түрлері
1. Жазатайым оқиға нәтижесінде қайтыс болу: Қосымша сақтандыру сомасы (таңдау бойынша): 1 000 000 теңге, 2 000 000 теңге, 3 000 000 теңге.

2. Дене жарақаты: Жарақат үшін – жарақаттардан қорғау үшін белгіленген (таңдау бойынша): 1 000 000 теңге, 2 000 000 теңге, 3 000 000 теңге сақтандыру сомасының 3%-ынан 100%-ына дейін

3. Еңбекке уақытша жарамсыздық: 7-ші күннен бастап 60-шы күнге дейін қоса алғандағы әрбір күн үшін – еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайында қорғау үшін белгіленген (таңдау бойынша): 1 000 000 теңге, 2 000 000 теңге, 3 000 000 теңге сақтандыру сомасының 0,2%-ы

4. Ауруханаға жату: 7-ші күннен бастап 60-шы күнге дейін қоса алғандағы әрбір күн үшін – ауруханаға жату жағдайында қорғау үшін белгіленген (таңдау бойынша): 1 000 000 теңге, 2 000 000 теңге, 3 000 000 теңге сақтандыру сомасының 0,2%-ы

5. Ауыр дерт (инфаркт, инсульт, қатерлі ісік және т.б.): Қосымша сақтандыру сомасы (таңдау бойынша): 1 000 000 теңге, 2 000 000 теңге, 3 000 000 теңге

6. Жазатайым оқиға нәтижесінде туындаған 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектік: Қосымша сақтандыру сомасы (таңдау бойынша): 1 000 000 теңге, 2 000 000 теңге, 3 000 000 теңге

7. Жазатайым оқиға немесе ауыру нәтижесінде туындаған 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектік: Мүгедектік кезеңіне жарналарды төлеуден босату
Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді