Freedom Finance Life
Қоңырауға тапсырыс беру
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады.
«Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ акцияларын жазылым бойынша орналастыру туралы хабарлама
«Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (орналасқан жері: 050040, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 77/7, «Esentai Tower» КҚК, 7-қабат) (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 12 желтоқсанда Қоғамның жарияланған қарапайым акцияларын ұйымдастырылмаған нарықта орналастыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

Орналастырылатын акциялар туралы ақпарат:

эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні: 2018 жылғы «05» желтоқсан;

түрі және орналастырылуы тиіс саны: 135 000 қарапайым акция;

акционерлердің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру мерзімі және тәртібі туралы мәліметтер:

– Қоғамның қарапайым акцияларын сатып алуға өтінімді қабылдау мерзімі – акциялардың орналастырылуы туралы хабарланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн;

– Қоғамның сатып алынған қарапайым акцияларының ақысын акционер Қоғамның қарапайым акцияларын сатып алуға жазбаша өтінім берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде төлейді;

эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісімен немесе олар туралы басқа ақпаратпен танысуға болатын эмитенттің бөлімшесі және лауазымды тұлғалары туралы мәліметтер: корпоративтік хатшы: А.Е.Абыканова, тел: +7 (727) 228 06 07 (ішкі 1101), e-mail: a.abykanova@asia-life.kz.

эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бағасы және оны төлеу туралы мәліметтер:

- бағалы қағаздарды орналастыру (сату) бағасы: 1 қарапайым акция үшін 1 471,83 теңге;

- Қоғамның сатып алынған қарапайым акцияларының ақысын акционер Қоғамның қарапайым акцияларын сатып алуға жазбаша өтінім берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде төлейді.

Қоғамның акцияларын орналастыру инвесторлардың мына ақпаратты мазмұндайтын өтінімдері негізінде жүзеге асырылатындығына назарларыңызды аударамыз:

1) Қоғамның инвесторы сатып алуға ниет білдірген бағалы қағаздардың саны және түрі;

2) инвестордың немесе оның уәкілетті өкілінің тегі, аты (бар болған жағдайда – әкесінің аты), жеке басын куәландыратын құжатының деректемелері, тұрғылықты жері, қолы.

Қоғамның бағалы қағаздарын сатып алуға ниет білдірген инвесторларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілейді.

Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді