Freedom Finance Life
Қоңырауға тапсырыс беру
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады.
Лицензия қайта рәсімделді
Құрметті клиенттер мен серіктестер!

2018 жылғы 29 қазанда компанияның атауы «Азия Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-нан «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-на өзгеруіне байланысты Компанияның 2018 жылғы 14 қарашада жаңа лицензия алғандығы туралы хабарлаймыз.

№ 2.248 лицензия төмендегілерді жүзеге асыруға құқық береді:

Ерікті сақтандыру нысанында сақтандыру қызметін:

Өмірді сақтандыру • Аннуитеттік сақтандыру • Жазатайым оқиғалардан сақтандыру • Ауру жағдайында сақтандыру

Міндетті сақтандыру нысанында:

Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру

Қайта сақтандыру қызметі.

Бұл ретте аннуитеттік сақтандыру және жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (бұдан әрі – ЖОМС) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген осы лицензияның әрекеті 2018 жылғы «31» қазаннан бастап үш ай мерзімге тоқтатылған болып есептеледі.

Бұған дейін жасалған шарттар бойынша Компания өзіне алған міндеттемелерін орындауды жалғастырады.

Аталған бағыттарда лицензияның уақытша тоқтатылуын Компания ерікті сақтандыру топтары бойынша жоғары сапа, бірегейлік және қолжетімділік қағидаттарына жауап беретін жаңа өнімдерді жасау үшін пайдаланатын болады.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша төменде көрсетілген байланыстар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз:

Тел.:+7 (771) 228 06 07 E-mail: info@asia-life.kz

Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді