Freedom Finance Life
Қоңырауға тапсырыс беру
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады.
ҚР Ұлттық банкінен хабарлама
Құрметті «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ (бұрынғы «Азия Life» ӨСК» АҚ) серіктестері мен клиенттері!

Сіздерге бізбен ынтымақтастықтарыңыз үшін өз құрметімізді білдіреміз. Және 2018 жылғы 29 қазанда «Азия Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ жаңа атауы бойынша қайта тіркеуден өткендігін хабарлаймыз.
«Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен (ҚР ҰБ Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 239 қаулысы) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясының төмендегі тармақтарда уақытша тоқтатылуы туралы ресми хабарлама алды:

- аннуитеттік сақтандыру;
- жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (бұдан әрі – ЖЖОМС).

Бұл шара пруденциалдық нормативтер талаптарының сақталмағаны үшін қабылданды.

Реттеушінің әрекеті компанияда 2018 жылғы 12 наурыздан бастап 1 маусымға дейін қоса алғандағы кезеңде жүргізілген тексерумен байланысты, бұл ретте компанияның 2017 жылғы 1 ақпаннан бастап 2018 жылғы 1 ақпанға дейін қоса алғандағы қызметі талданды.

«Freedom Finance Life» ӨСК басшылығы Сіздерге барлық міндеттемелердің орындалатындығын кепілдейді және өмірді сақтандырудың барлық ерікті түрлері бойынша жұмысын жалғастыратындығын мәлімдейді. Компанияға 3 (үш) ай бойы ЖЖОМС және аннуитеттік сақтандыру бойынша жаңа шарттар жасасуға тыйым салынады, бұл ретте ескі шарттар бойынша міндеттемелері қалады.

Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді