Freedom Finance Life
Қоңырауға тапсырыс беру
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады.
Лицензияның қолданылуы қалпына келтірілді
Құрметті " Freedom Finance Life "Өмірді сақтандыру компаниясының клиенттері мен серіктестері.
2018 жылғы 14 қарашадағы №2.2.48 "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуы бұрынғы мәртебесінде қалпына келтірілгенін хабарлаймыз.
2019 жылдың 1 ақпанынан бастап біздің компания аннуитеттік сақтандыру және қызметкерді еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша толыққанды жұмысты жаңартады. Бұл дегеніміз, енді біз тағы да полистерді жазып, сақтандырудың осы түрлері бойынша шарттарды ұзарта аламыз.
Сақтандырудың қалған түрлері бойынша жұмыс тоқтатылған жоқ және штаттық режимде жұмыс істейді.
"Freedom Finance Life" Өмірді сақтандыру компаниясы нарықта 2014 жылдан бастап, 2018 жылдан бастап Freedom Finance брендімен жұмыс істейді. Жұмыс істеген уақытымызда біз 335 000-нан астам клиентті сақтандырдық.
Біздің миссиямыз - "бүгінгі және ертеңгі күнге сенімділікке негізделген өмірлік маңызды шешімдер қабылдау еркіндігін беру". Және біз клиенттеріміз бен серіктестеріміз әрдайым бізді таңдағанымызға сенімді болуы үшін барлығын жасаймыз. Біздің тәжірибемізге сегеніңіз және бізді таңдағаныңыз үшін Сіздерге алғысымызды айтамыз!
Бізге әрбір клиент маңызды. Егер сізде қандай да бір сұрақтар немесе ұсыныстар болса-қуанышпен көмектесеміз. Біздің электрондық пошта адресіміз: info@ffin.life, қолдау телефоны: +7 771 228 06 07
ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері 01.01.2018 жылғы жағдайымыз бойынша:
  • Активтер-10 372 459 мың теңге
  • Сақтандыру резервтері-7 265 406 мың теңге
  • Меншікті капитал-2 988 425 мың теңге
  • Жарғылық капитал-1 998 697 мың теңге
  • Сақтандыру сыйлықақылары - 5 122 041 мың теңге
  • Сақтандыру төлемдері-506 327 мың теңге

Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді