Freedom Finance Life
Қоңырауға тапсырыс беру
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады.
Fitch Ratings компаниямыздың «тұрақты» болжамды рейтингтерін растады
2019 жылғы 28 ақпанда Fitch Ratings агенттігі «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылық рейтингтерін Rating Watch «Негативті» тізімінен шығара отырып, аталмыш рейтингтерді халықаралық шкала бойынша «B-» және ұлттық шкала бойынша «BB-(kaz)» деңгейінде растады. Рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

Жоғарыда аталған рейтингтік әрекет Компанияның инспекторлық тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісілген бірқатар іс-шараларды орындауынан; Компанияның аннуитеттік сақтандыру және жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру кластары бойынша лицензия әрекетінің қалпына келтірілуінен; Компания акционерлері тарапынан қосымша капиталдандырудың және таза пайданың өсуінің арқасында оның төлем қабілеттілігі маржасының көрсеткіші 2019 жылғы қаңтар айының соңындағы ахуал бойынша 149%-ға дейін жақсаруынан кейін болды.
Біздің миссиямыз – «Бүгінгі және ертеңгі күнге деген сенімділікке негізделген өмірлік маңызды шешімдерді қабылдау еркіндігін беру». Және біз клиенттеріміз бен серіктестеріміздің нақ бізді таңдағандарына әрқашан сенімді болулары үшін бәрін жасаймыз.

Бізді таңдағандарыңызға және тәжірибемізге сенім білдіргендеріңізге рахмет.
Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді