Freedom Finance Life
Қоңырауға тапсырыс беру
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады.
Назар аударыңыздар, конкурс!
Қымбатты достар!

«Азия Life» компаниясы Жеңіс күні мерекесінің қарсаңында ҰОС ардагерлеріне арналған «Менің кейіпкерім – менің батырым!» үздік ашық хатына шығармашылық конкурстың басталатындығы туралы хабарлайды.

3 жастан 14 жасқа дейінгі балалары бар барлық ата-аналарды конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Бәріміз бірігіп, Алматы қаласындағы ардагерлерді балалардың өз қолдарымен жасалған ашық хаттарымен қуантайық. Балалардың қолдарының жылуы мен талпыныстары жеңіске жетіп, бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқандығымыз үшін білдірген алғысымыз болады.

«Менің ардагерім – менің батырым!» конкурсына қатысу үшін жасалған барлық ашық хаттар өз батырларына жетеді! Конкурс жеңімпаздары «Азия Life» компаниясының құрмет грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталады.

«Менің ардагерім – менің батырым!» конкурсына қатысу талаптары

2018 жылғы 23 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін қоса алғандағы кезеңде конкурсқа қатысу үшін ашық хаттарды қабылдау басталады. Жұмысты «Азия Life» бас офисінің мекен-жайына жіберу қажет: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 17/1, «Нұрлы тау» КҚО, 5Б, 10-қабат, 17-офис. «Азия Life» конкурсы: Менің ардагерім – менің батырым!» белгісі қойылған конверт. Конвертте кері байланыс үшін байланыс деректерін көрсету қажет.

Ашық хатқа қойылатын талаптар: жазылған күйінде А4 форматындағы қағаз. Ашық хат дайын түрінде А5 форматындағы кітапшаға бүктелуі тиіс.

Суретті салу техникасы: қарындаштар, бояулар, фломастерлер, гуашь, аппликация. Ашық хаттың сыртқы жағына баланың аты-жөнін, жасын және қаласын жазып көрсету қажет.

Конкурстың тақырыбы: Ұлы Отан соғысы. Жеңіс күні.

Конкурстық жұмыстардың арасында жас санаттарындағы ең үздіктері таңдап алынады:

- 3 жастан 5 жасқа дейін;

- 6 жастан 8 жасқа дейін;

- 9 жастан 11 жасқа дейін;

- 12 жастан 14 жасқа дейін.

Конкурс қорытындысы 2018 жылғы 2 мамырда шығарылады. Жеңімпаздар 4 мамырда марапатталады. Нәтижелер әлеуметтік желілерде және «Азия Life» компаниясының сайтында 10 мамырда жарияланады.

Жұмыстарды компания басшылығы ұқыптылығы, техникасы, шығармашылық тұрғыдан келуі және конкурс тақырыбына сәйкестігі бойынша бағалайды.

Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді