Freedom Finance Life
Қоңырауға тапсырыс беру
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады.
Жұмыскерлерді сақтандыру шарттарын www.egov.kz сайтында онлайн жасасу
«Азия Life» ӨСК» АҚ заңды тұлғаны тіркеу кезеңінде «Азия Life» ӨСК» АҚ-мен жұмыскерлерді сақтандыру шарттарын қашықтықтан жасасу мүмкіндігі бар екендігін клиенттердің назарына жеткізеді.

www.egov.kz электронды үкімет порталында «Банк шотын ашуды және жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу» жаңа композитті қызметі іске қосылды.

Бұл нені білдіреді?

Егер бұрын азамат алдымен заңды тұлғаны тіркеп, содан соң шот ашу үшін тіркеу туралы анықтаманы банкке ұсынуы, сондай-ақ міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтандыру компаниясына баруы тиіс болса, енді жаңа композитті қызметтің арқасында азаматтар екі жұмыс күні ішінде (өтініш берілген күнді есептемегенде) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, банк шотының нөмірін және қол қойылған жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын ала алады.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Заңды тұлғаны тіркеу кезінде пайдаланушы eGov.kz порталында заңды тұлға туралы деректерді – заңды тұлғаның атауын, қызметкерлерінің санын, басшысы, құрылтайшылары туралы деректерді және т.б. толтырады. Бұл ретте барлық құрылтайшылар порталда тіркелген болулары тиіс, өйткені пайдаланушының жеке кабинетіне заңды тұлғаны тіркеуге берілген өтінімді келісу туралы сұраным келуі тиіс.

Бұдан әрі осы қызмет аясында пайдаланушыға банк шотын ашу және жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мүмкіндігі ұсынылады. Бұл үшін пайдаланушы тізімнен банкті, сақтандыру компаниясын таңдауы, бенефициарларды, қол қою құқығы бар адамдарды көрсетуі, сауалнаманы толтыруы тиіс.

Ескертпе: Сақтандыру шартын жасасу үшін кәсіпорынның жылдық еңбекақы төлеу қорын және жұмыскерлерінің санын көрсету қажет екендігін назарға алуларыңызды сұраймыз. Сақтандыру шартына ЭСҚ арқылы қол қойылады.

Сақтандыру қорғауының әрекеті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы төленгеннен кейін басталады.

Дереккөз: www.egov.kz


Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді