Freedom Finance Life
«Freedom Finance Life» сәйкестік сертификаттарын алды
2019 жылғы 10 сәуірде «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы сапа менеджменті жүйесіне (ҚР СТ ИСО 9001-2016), экологиялық менеджмент жүйесіне (ҚР СТ ИСО 14001-2016) және кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесіне (ҚР СТ ИСО 18001-2008) сәйкестік сертификаттарын алды.

Осындай жүйелерді енгізу және бизнес-процестерді тұрақты жетілдіру біздің компаниямыз үшін өте маңызды. Өйткені бұл қызметтеріміздің сапасын жақсартуға және «Freedom Finance Life» клиенттерді қанағаттандыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

ҚР СТ ИСО сертификаттары – компанияның барлық жұмыс факторларын бақылайтындығының, өз қызметін жетілдіретіндігінің, жұмыс орындарында персонал қауіпсіздігінің қамын ойлайтындығының, сондай-ақ басқарудағы экологиялық аспектілердің есепке алынуы мен басқарылуын қамтамасыз ететіндігінің дәлелі.

«Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы нарыққа 2014 жылдан бастап енді, 2018 жылдан бастап компания Freedom Finance брендімен жұмыс істейді. Жұмыс істеген уақытымызда біз Қазақстанның 19 қаласында 335 000-нан астам клиентті сақтандырдық.

01.03.2019 ж. ахуал бойынша ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес:

∙ Активтері – 10 436 762 мың теңге.
∙ Сақтандыру резервтері – 6 983 049 мың теңге.
∙ Меншікті капиталы – 3 322 714 мың теңге.
∙ Жарғылық капиталы – 2 087 268 мың теңге.
Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді