Freedom Finance Life
Қоңырауға тапсырыс беру
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады.
Сақтандыру оқиғасы орын алса
Оқиға туралы хабарлаңыздар
e-mail арқылы: info@ffin.life
телефон арқылы: 7775
Freedom Finance Life офисіне жүгініңіздер
Бізде Қазақстанның 17 қаласында филиалдарымыз бар.
Сақтандыру оқиғасы орын алғанда, ол туралы міндетті түрде компанияны сақтандыру шартында белгіленген мерзімде жазбаша хабардар етіңіздер.
Сақтандыру шартындағы тізбеге сәйкес, сақтандыру оқиғасын растайтын құжаттарды ұсыныңыздар

Жиі қойылатын сұрақтар
Жеке тұлғаларға
Бизнеске
Өмірді жинақтаушы сақтандыру басқа жинақтау тәсілдерінен несімен өзгешеленеді?
Өмірді жинақтаушы сақтандыру бір мезгілде екі функцияны қамтиды: жинақтау және қаржылық қорғау. Сақтандыру компаниясы шарттың әрекет етуі басталғаннан бастап өзіне сақтандырылушының өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік алады.
Өмірді сақтандыру шарты қай кезден бастап жасалған болып есептеледі?
Сақтандыру шарты сақтандыру сыйлықақысы немесе алғашқы сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді.
Өмірді сақтандыру шарты бойынша дене жарақаты орын алды, сақтандырылушы не істеуі керек?
Сақтандыру шартының талаптары бойынша сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру оқиғасының орын алуы туралы белгілі болған мезеттен бастап 30 күн ішінде сақтандыру компаниясын хабардар ету қажет.
Сақтандырылушы сақтандыру төлемін алу мақсатында өз денсаулығына қасақана зиян келтірсе
Кез келген сақтандыру оқиғасын міндетті түрде компанияның ішкі қауіпсіздік қызметі тексереді және, негіздеме болған жағдайда, қылмыстық іс қозғалады. Сақтанушының сақтандыру оқиғасын болдыруға және сақтандыру өтемін алуға бағытталған қасақана әрекеттері қазақстандық заңнама бойынша алаяқтық әрекеттер ретінде бағаланады. Мұндай әрекеттерді жасау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Валюталық сақтандырудың артықшылығы неде?
Валюталық сақтандыру шартын жасаған жағдайда, сіздер өз қорларыңызды валюта бағамының ауытқуларынан қорғайсыздар. Сақтандыру төлемдері төлем күніндегі АҚШ долларының бағамына сәйкес индекстеледі. Валюталық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғауы бүкіл әлем бойынша тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді. Сақтанушы өзіне қолайлы сақтандыру параметрлерін: жинақтау мерзімін, жарналардың мөлшері мен мерзімділігін өзі таңдайды.
Өтініштер мен Кеңестер
Төлемдерге өтініштер
Кеңестер
Дивидендтер болмаған жағдайда, қалпына келтіруге өтініш
ЗА бойынша шегеруге өтініш
Мерзімінен бұрын өтеуге өтініш
«Тұтынушылық мақсаттағы» қарызға өтініш
Пайда алушыны өзгертуге өтініш
ЗА деректемелерін өзгертуге өтініш
Өзгертуге өтініш
Сақтандыру сыйлықақысын қайтару туралы өтініш
Жоғалту туралы өтініш
1.
Сіздерде жинақтаушы сақтандыру полисі болса, Сіздер қарыз алуға Өтініш берген күні қалыптасқан сатып алу сомасы шегінде Компаниядан қарыз ала аласыздар.
2.
Қарыз бойынша пайызды Компания белгілейді. Компанияның ешқандай қосымша комиссия есептемейтіндігіне назар аударыңыздар
3.
Сіздер қарызды қандай да бір айыппұл санкцияларынсыз мерзімінен бұрын өтей аласыздар, өйткені қарыз шарты бойынша сыйақы қарызды нақты пайдалану уақытына, яғни қарыз шартының әрекет етіп бастаған күнінен мерзімінен бұрын өтеу күніне дейін қоса алғандағы мерзімге есептеледі
4.
Қарызды алу үшін Сіздерге Компанияға мына құжаттарды: қарыз алуға өтінішті, жеке куәліктің көшірмесін, дербес шоттың/карта шотының банктік деректемелерін және полистің түпнұсқасын ұсыну қажет. Бұдан соң екі жақты шартқа қол қойылады және үш күн ішінде Сіздер қалаған сомаларыңызды ала аласыздар.
5.
Егер Сіздер ерікті жинақтаушы сақтандыру шартын жасасаңыздар, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, жеке тұлғаның салық салынуы тиіс табыстарынан:
- соның ішінде, сақтандыру сыйлықақылары жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін және (немесе) жұмыс берушінің жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері;
- сақтандырылушының өлімі жағдайында
алынып тасталатындығына назар аударыңыздар.
6.
Егер Сіздер заңды тұлға болсаңыздар, мерзімдік немесе жинақтаушы сақтандыру шартын жасасқанда, корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде салық салынатын базадан қызметкерлердің пайдасына енгізілетін сыйлықақылар да шегеріледі.
Сақтандыру оқиғасы туралы хабарлау
Байланыс деректеріңізді толтырып, өтінімді жіберіңіздер