Freedom Finance Life
Insurance Football Cup 2019 іс-шарасына Freedom Finance Life қатысты
2019 жылдың 27 сәуірі күні қазақстандық сақтандыру компаниялары арасында жыл сайын өтетін футбол турнирі — Insurance Football Cup 2019 өтті. Freedom Finance Insurance және Freedom Finance Life құрама командалары тұңғыш рет турнирге қатысып, керемет ойын көрсетті.

Турнир бірінші жылы өтіп жатқан жоқ және ол жақсы дәстүрге айналып үлгерді, оның арқасында қазақстандық сақтандырушылар кеңселері мен мәжіліс залдарынан тыс кезігіп тұрады. Биыл турнирге бірнеше қатысушылар жиналды, олардың ішінде өткен жылдардың триумфаторлары да болды.

Біздің футболшы командамыз төртінші орын иеленді. Әріптестерімізге мықты үштікке кіру үшін сәл ғана жетпей қалды, бірақ сенімді ойын және турнирдің болашақ жеңімпаздарын жеңу – жетістік, сол үшін біз әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз.

Бір әріптесімізді жеке атап кеткіміз келеді. Ол «Үздік шабуылшы» марапатын алған, Бекмахамбет Жұмабай, оны біз осы марапатымен құттықтаймыз.

Ал черлидинг бойынша командаға келсек, біздің командамыз футбол алаңында нағыз шоу жасап беріп, жүлделі үшінші орынды иеленді. Әріптестерімізді құттықтаймыз және оларды мақтан тұтатынымызды білдіреміз.
Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді