Freedom Finance Life
Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығында
қандай жаңалықтар бар?
Freedom Finance Life мамандары зерттеу жүргізіп, наурыз айында өмірді сақтандырушы компаниялары төлемдер мен сыйлықақылар бойынша өсім көрсеткенін анықтады.

Соңғы бірнеше жылда ӨСК қазақстанның сақтандыру нарық дамуының қозғаушы күшіне айналған. Осылай, 2018 жылдың нәтижелері бойынша олар жалпы нарықтағы сыйлықақының 32,9% және төлемнің 16% пайыздарын қамтыған. Сонымен бірге бұл нарықта өмірді сақтандырушы компания саны 7 ғана бар, ал жалпы сақтандыру бойынша компаниялар саны 20 екеніне қарамастан орын алған. Жаңа жылда осы серпін сақталып келеді: наурыз айында ӨСК сыйлықақының 27% және төлемдердің 17,5% қамтыған.

Ұлттық банктің деректері бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ӨСК біріктірілген сыйлықақылары 37,5% пайызға өскен және 32,5 млрд теңгені құраған. Жиналған сыйлықақылардың 78,9% пайызы ерікті жеке сақтандыруға тиесілі (25,6 млрд теңге). Соңғы бірнеше жылда сақтандырудың осы түрі бойынша сыйлықақының үлесі өсіп келе жатқанын айта кеткені жөн. Осылай 2016 жылы ерікті жеке сақтандыру үлестің 69,9% алатын. Бірнеше жылдағы өсім – 9%.

Ерікті жеке сақтандырудың қозғаушы күші – өмірді сақтандыру (жиналған сыйлықақының көлемі 14,3 млрд теңге, үлесі 44,2%) және аннуитеттік сақтандыру (жиналған сыйлықақының көлемі 9,6 млрд теңге, үлесі 29,7%).

Міндетті сақтандыруға тиесілі 6,8 млрд теңге және 21% сәйкесінше келеді.
Жалпы нарық бойынша сақтандыру төлемдеріне қатысты сөз қозғасақ, олардың көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,7% пайызға өскен және 4,7 млрд теңгені құраған. Барлық сақтандыру төлемдердің 86,3% пайызы ерікті жеке сақтандыруға қатысты болған (4 млрд теңге). Жиналған сыйлықақыларға қарағанда, сақтандырудың осы түрі бойынша төлемдердің үлесі бірнеше жылдар бойы шамамен бір деңгейде қалып келеді.

Жалпы сақтандыру төлемдерінің 74,7% пайызы аннуитеттік сақтандыруға (3,5 млрд теңге), 13,7% – еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде болуы мүмкін жазатайым оқиғалардан жұмысшыны міндетті түрде сақтандыруға (649 млн теңге), ал 8,1% – өмірді сақтандыруға тиесілі (382 млн теңге).
Компанияның өмірді сақтандыру бойынша қаржы көрсеткіштері де есептілік кезеңде өскен. Атап айтқанда, Ұлттық Банктің деректері бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ӨСК біріктірілген активтері наурыз айында 22,1% пайызға өсіп, 342,1 млрд теңгені құраған. Сақтандыру қорының жалпы көлемі 271,6 млрд теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,8% пайыз көп. Барлық ӨСК жеке капиталдары 61,3 млрд теңге құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 25% көп.

2019 жылғы өмірді сақтандыру нарығының келешегіне келетін болсақ, ең оңды болжамдар берілуде. Өткен жылы ӨСК және Ұлттық банк үлкен жұмыс атқарғандарының арқасында нарықта көптеген оңды өзгерістер қалыптасты:

• Өмірді сақтандыру компаниялары үшін инвестициялық портфельді ҮИҚ нысанында unit-linked insurance арқылы басқару мүмкіндігі. Батыста бұл келісім-шарттардың үлкен үлесі келетін өмірді жинақтаушы сақтандырудың негізгі өнімі.

• Жинақтаушы сақтандыруға салық салу жүйесі оңды өзгерістерден өтті, нәтижесінде қосарлы салық салу жойылды.

• Біріктірілген зейнетақылық аннуитеттерін енгізуге, сондай-ақ зейнетақылық аннуитеттер мен зардап шеккен жұмысшылардың аннуитеттерін сақтандыру төлемдеріне кепіл беру жүйесіне енгізуге арналған қор әзірленді

• Жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыру жөніндегі сақтандыру омбудсменнің қатыстырылуы.

• Зейнетақылық аннуитет туралы келісім-шарт жасаған кезде сақтандыру сыйлықақыны төлеу үшін міндетті кәсіпқой зейнетақылық салымдарды пайдалану мүмкіндігі.
Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді