Бұзушылықтар туралы хабарлама

Адалдық — біздің жұмысымыздың негізі

Біз өз клиенттеріміз бен серіктестеріміздің сенімін бағалаймыз, сондықтан біз әрқашан ашық және этикалық тәжірибелер аясында әрекет етеміз. Біздің компанияда әрбір қызметкер жұмысымыздың әрбір аспектісінде сенімділік пен әділеттілікті қамтамасыз ету үшін адалдық пен жауапкершіліктің жоғары стандарттарын ұстанады.

Егер сіз бұзушылыққа — сыбайлас жемқорлыққа, қысымға немесе әдепсіз мінез-құлыққа куә болсаңыз, біздің Жедел желі арқылы хабарлаңыз. Біз бұзушылықтар туралы хабарлау үшін қауіпсіз және тәуелсіз арна жасадық.

Бұзушылықтар туралы хабарлама

Парақорлық, сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, ұрлық, өкілеттіктерді теріс пайдалану, алымсақтық немесе заңнаманы, Әдеп және іскерлік мінез-құлық кодексін, сондай-ақ Freedom Life компаниясының ішкі нормативтік құжаттарын кез келген басқа да ықтимал бұзу фактілері туралы белгілі болған қызметкерлер, үшінші тұлғалар, іскер серіктестер және кез келген басқа мүдделі тұлға мәселе туралы бізге Жедел желіге хабарлай алады.

Жедел желісінің жұмысы бойынша сұрақтар мен жауаптар
Жедел желі
qr code

Егер сізде ықтимал бұзушылықтар туралы ақпарат болса немесе Этика және іскерлік мінез-құлық кодексінің бұзылуы, сыбайлас жемқорлық фактілері немесе басқа да жосықсыз мінез-құлық жағдайлары орын алды деп сенуге негіз болса, сіз бұл туралы келесі әдістердің бірін қолдана отырып, жедел желі арқылы хабарлай аласыз:

  • Онлайн:  Сілтемеге өтіп, анонимді нысанды толтырыңыз.
  • QR-код:Хабарлама беру жүйесіне жылдам қол жеткізу үшін QR кодын сканерлеңіз.
  • Телефон желісі:комплаенс Жедел желісіне 8 800 080-82-72 нөмірі арқылы қоңырау шалыңыз және дауыстық хабарлама қалдырыңыз.

Барлық өтініштер құпия түрде өңделеді. Анонимділік пен қудалаудың кез келген түрінен қорғауға кепілдік беріледі.