Freedom Finance Life
Купить Онлайн
На нашем сайте Вы можете купить cтрахование от COVID-19 "Corona Protect""
Оставить заявку
Выберите страховую программу
Заказать звонок
Оставьте заявку, и мы свяжемся с Вами в ближайшее время. Или звоните по номеру 77 75
Қоңырауға тапсырыс беру
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады.
Заказать звонок
Оставьте заявку, и мы свяжемся с Вами в ближайшее время. Или звоните по номеру 77 75
Зерттеу: қазақстандық университеттерде дистанциялық білім алу қанша тұрады
Коронавирус пандемиясы салдарынан қазақстандық университеттері оқытудың дистанциялық әдісіне көшті. Оку сабақтары онлайн жүргізілетін болды, ал студенттер қашықтық оқуға ауыстырылды. Күзде вирустың жаңа толқыны күтуде болғандықтан, өмір өз қалпына қашан келетіні беймәлім. Бірақ түсінікті- оқытудың дистанциялық әдісінің қажеттілігі өсуде. Freedom Finance Life компаниясының өмірді сақтау мамандары зерттеу жүргізіп, дистанциялық оқыту қалай жұмыс істейтінін және ол қазақстандық университеттерінде қаншаға түсетінін анықтады.
Дистанциялық жоғары білім алу қанша тұрады
Дистанциялық білім алу – ол қашықтықта оқыту. Қазақстанда бұл баршаға қолжетімді: колледжден кейін оқуды жалғастыру, екінші жоғары білім алу үшін немесе университеттен шалғай тұратындар, оқуын жұмыспен қоса атқаратындар, басқа елде алмасу бойынша оқитындар, жүктілікке байланысты демалыста отырғандар немесе мүгедектік тобы тағайыдалғандар үшін өте қолайлы.
ҚР білім беру және ғылым Министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда дистанциялық білім беруді 71 университет ұсынуда. Әлбетте, оның құны күндізгі тұрпатынан әлде қайда ерекше.
«Орташа алғанда, күндізгі бөлімшенің бакалавриат курсы 825000 теңге. Дистанциялық білім алудың бір курсы студентке орташа алғанда 378400 теңгеге түседі»-деп пайымдады Freedom Finance Life Басқарма Төрағасы Азамат Ердесов.

Бакалавриаттың бір курсының орташа құны, теңгеде
Информация: данные из открытых источников и приемных комиссий ВУЗов
Выполнили: Freedom Finance Life

Дистанциялық білім алудың ерекшеліктері
Дистанциялық білім алудың күндізгі оқудан айырмашылығы -қашықтықта, онлайн оқу. Студенттерді ЖОО баруға міндеттемейді. Оқу кезінде, басқа қалада немесе кез келген жерде болуға мүмкін. Студент үшін ең бастысы – сапалы интернеттің болуы. Дистанциялық білім алудың барлық курстық бағдарламасының ұзақтығы -2-3 жыл. Оқу аяқталған соң, бітіруші түлектер мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломын алады.

Бүгінгі күнде, дистанциялық білім алудың ең талап етілетін мамандығы болып интернет-маркетинг, PR, бағдарламалау, дизайн, заң тану, психология, бухгалтерлік және банк қызметі танылады.

Университетке дистанциялық білім алу мақсатында түсу үшін, таңдаған университеттің сайтында тіркелу керек, шарт жасасып, төлем атқару қажет. Бәрі дайын болған кезде, онлайн дәрістері, тапсырмалары және басқа да керекті оқу материалдары жинақталған жеке кабинетіңіз пайда болады. Содаң соң аралық аттестация. Көбінесе, жүйесі күндізгі оқытуға ұқсас, атап айтқанда, бір жыл аралығында екі сессия. Дистанциялық білім алу барысында, практикадан өту мүмкін. Толық курс аяғында-аттестация (емтихан және диплом жұмысы), диплом алу.
Дистанциялық білім беруді заңдастыру
Впервые правила организации дистанционного образования были закреплены законодательно в 2006 году. Однако, на данный момент, оно доступно только после вуза или колледжа.

Во время онлайн-конференции в апреле 2020 года министр образования и науки Казахстана Асхат Аймагамбетов заявил о том, что дистанционное образование нужно легализовать для всех. Он также подчеркнул, что из-за пандемии коронавируса населению пришлось экстренно переходить к дистанционному образованию. Однако вопрос о стоимости обучения для очников, заканчивающих учебный год на удаленке, власти не пересматривали.

Дистанциялық білім алуға қаражатты қалай жинау керек
Коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың төлемқабілеттілігіне жағымсыз әсерін тигізді. Еңбекке жарамды елдің көбісі карантин кезінде тұрақты табыстарынан айырылды. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың болжамы бойынша, жыл аяғына еліміздегі жұмыссыздық деңгейі, ТЖ режимі енгізілгендегі 4,8% салыстырғанда 5,9% дейін ұлғаюы мүмкін. Осыған орай, қазақстандық абитуриенттер көпшілігі жаңа оқу жылын қалтасы көтермейді.

Қаржылық дағдарыстың ілеспе жағымсыз болжамдары мен факторларын ескере отырып, оқу қаражатын қалай жинау жолдарын түсіну қажет, егер бірден төлеу мүмкіндік болмаса.

Жинақтау және оқуға төлеу қаражатын табу варианттары:

Жалақыдан түскен қолма-қол ақшаны жинау. Қандай болмасын қаржылық құрылымдардың қатысуысыз, өте сенімді жинақ әдісі. Алайда, осы әдісті пайдаланған кезде, ақшаны түрлі валютада сақтау дұрыс, себебі, уақыт өтісімен, қолма-қол ақша құнсызданады, әсіресе девальвация кезінде.

Білім алу депозиты. Мемлекеттік Білім беру Жинақ Жүйесіне кіреді (ГОНС). Сондықтан, баланың атына ашылған шотына жай пайызбен қоса, мемлекеттік сыйлық қоса есептеледі Қазіргі кезде Қазақстанда 20 мыңнан астам білім беру депозиттері ашылған.

Бағалы қағаздар. Банктік депозиттерден айрықша, үлкен табыс беруі мүмкін. Бірақ, аталған вариант, қаржыландыру нарығындағы өзгерістерді байқамайтын акционерлер үшін залалды. Сондай-ақ, қаржалық қоры бар жағдайда ғана, қаржыландыру дұрыс болады.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру (НСЖ). Бұл сақтандырумен қоса қаржыландыруды алдын-ала ескеретін қаржы өнімі. Атап айтқанда, НСЖ шартын жасасу барысында, адамның өмірін сақтандыруға және ақша жинауға болады. Бұл бағдарламалар ұзақ жылдарға көзделген, орташа 5-10 жылға. Арнайы сақтандыру бағдарламалары бар. Аталған бағдарламалар, балаларының болашағына алдын-ала қамқорлық жасау және жоғары оқу орнына түсу қаражатын жинауға ата-аналарға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда, ата-ана да, баласы да, сақтандыру оқиғалардан қорғаныста болады. Бұл үшін, қазақстандық немесе шетелдік университетін таңдап, сақтандырушымен шарт жасасып сақтандыру жарналарын тұрақты түрде төлеу керек және жоғары оқу орнына түсу үшін, бірнеше жылдар ішінде қаражат жинау керек. Әдетте, аталған бағдарламаларға сәйкес, жасалған шарт бойынша ата-анасымен жазатайым оқиға орын алса, төлем алушы болып баласы тағайындалады.


Цифрлендіру дәуірінде, дистанциялық білім берудің дәстүрлі күндізгі оқуға лайықты бәсекелес болуға барлық үміті бар. Біріншіден, ол баға тұрғысынан тиімді, екіншіден-білім беру бағдарламасы бойынша-күндізгіден кем емес, соның ішінде, кредит сандарын алғанда. Үшіншіден, жолға кететін уақытты үнемдейді және жер шарынның кез келген нүктесінен оқу мүмкіндігін береді. Тек замануи компьютерлік технологиялары мен шапшаң интернет мүмкіндік берсе болғаны.

Өкінішке орай, орташа білім беру мектебін әлгінде ғана бітіргендер үшін дистанциялық білім алу әзірше қолжетімсіз. Covid-19 жайылуына байланысты басталған нақты жағдайларға орай, өкімет дистанциялық білім беру ережелерін қайта қарайтын болар. Ал әзірше, беделді жоғары оқу орнына түсу үмітін ұлғайту үшін, алдын-ала дайындалған жөн. Мысалы, ата-аналарға, кем дегенде 5 жыл алдын-ала, баласы мектеп бітірмей тұрып, минималды қаражат жинауды бастаған дұрыс.


Защитите жизнь и здоровье
Получите бесплатную консультацию специалистов