Freedom Future артықшылықтары
Қорланым жинау
Қорытындысы
Тәуекелдер
Жай тәсілмен ақша жинаңыз
Мақсат айсайын еңбекақысынан ақша жинайды
Мерзімі келгенде, қажетті сомасын жинап алады
Бірақ, Мақсат бір нәрсеге ұшыраса, ол ақша жинауды тоқтатады және тек қолда бар ақшасына ие болады.
Freedom Future көмегімен қаражат жинаңыз
Ермек айсайын жарналарды төлейді және ақша жинайды.
Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін компания жинақталған соманы төлейді + Компанияның пайдасына қатысудан түскен қосымша кіріс
Егер Ермекпен сақтандыру жағдайы орын алса, компания оның қаржылық жағдайын қамтамасыз етеді
Өмірді жинақтаушы сақтандыру деген не

Өмірді жинақтаушы сақтандыру – аталған өнім, депозит және өмірді сақтандыру атқарымдарын бірмезгілде қамтиды.

Сіз келісім-шарт жасасып, сақтандыру шартында көрсетілген мерзімділікте сыйлықақы төлейсіз. Осылайша сіз жинақ сомасын арттырасыз. Сақтандыру оқиғасы орын алса, Freedom Life сақтандыру төлемін жасайды. Келісімшарт мерзімі аяқталса, сіз инвестициялық кірісті ескере отырып, жинақталған ақшаны аласыз.

Өнім қалай құрылған

Freedom Future – бұл, Өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы.

Жасы

18 жастан асқан кез келген тұлға (Сақтанушы) сақтандыру шартын жасай алады. Бұл ретте Сақтандырылған тұлға 2 жастан 65 жасқа дейінгі адам бола алады.

Жарналары

Жарналарды төлеу кезеңділігі – айына, тоқсанына, алты айына немесе жылына бір рет

Төлемдері

Екі жағдайда төлем атқарамыз: Шарт мерзімі аяқталғанда немесе сақтандыру жағдайы басталғанда.

Сақтандыру сомасы

Сақтандыру сомасы – сақтандыру мерзімінің соңында немесе сақтандыру жағдайы басталған кезде төленетін сома. Сақтандыру шартында көрсетілген.

Қаржыландыру табысы

Сақтандырудың үшінші жылынан бастап біз Freedom Life компаниясында пайданы бөлісуден қосымша кірістерді есептей бастаймыз.

Қосымша қорғау

Негізгі қорғау – өлім тәуекелі. Бірақ, қосымша қорғауды таңдауға болады: жазатайым оқиға, жарақаттану, жіті аурулар, госпитализация және мүгедектік бойынша.

Заем алу

Қорланым бөлігін заем ретінде алу арқылы, ақшаны пайдалану мүмкін.

Сақтандыруды қорғау түрлері және төлем мөлшері

Негізгі қорғау

барлық шарттар бойынша қолданылады

1. Шартты қолдану мерзімі аяғына дейін, Сақтандырылғанның өмірсүруі:

Негізгі сақтандыру сомасы + Шартты қолдану кезеңіндегі дивидендтері

2. Жазатайым оқиға немесе жіті аурулар нәтижесінде, Сақтандырылғанның өлімі

Сақтандыру сомасы

Қосымша қорғау

егер бұл шарттар шартқа енгізілген болса, жарамды

1. Жазатайым оқиға нәтижесінде, Сақтандырылғанның өлімі

Таңдау үшін сақтандыру сомасы: 1 миллион, 2 миллион немесе 3 миллион теңге

2. Дене жарақаты

Жарақат бойынша – бекітілген сомадан 3% бастап, 100% дейін

3. Госпитализация

7-ші күннен 60-шы күнге дейін, әр күніне сақтандыру сомасынан 0,2% бастап, 0,5% дейін

4. Жіті аурулар (инфаркт, инсульт, рак және т.б.)

Таңдаған сақтандыру сомасы мөлшерінде

5. Жазатайым оқиға нәтижесінде 1,2 топ мүгедектік тағайындалуы

Таңдаған сақтандыру сомасы мөлшерінде

6. Уақытша еңбекке жарамсыздық

Таңдаған сақтандыру сомасы мөлшерінде

7. Сақтанушы жазатайым оқиға салдарынан 1 немесе 2 топтағы мүгедектікке ұшыраған жағдайда, жазатайым оқиға немесе ауру салдарынан сақтандырудың үшінші жылынан бастап сақтандыру сыйлықақысын төлеуден босату.

Сұрақтар қалды ма?
  • Өтінімді толтырыңыз біз Сізбен байланысамыз