Онлайн келісім жасасып, аннуитеттік төлемдер мөлшерін анықтап, қаржыны ӨСК аударыңыз, ал біз көрсетілген мерзімде төлемдерді төлей бастаймыз.
Бағдарлама қалай жұмыс істейді
Жедел аннуитеттік сақтандыру дегеніміз не
- Мысалы, сіз біреуге қаржылай қолдау көрсеткіңіз келеді. Сіз Freedom Jurek келісімшартын оның атына рәсімдеп (аннуитент), болашақ төлемдердің мөлшері мен мерзімін анықтайсыз, содан кейін қажетті соманы ӨСК-ге аударасыз.
- Төлем жасалғаннан кейін біз аннуитентке төлемдерді жасай бастаймыз – ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл, немесе жылына бір рет, картаға және автоматты түрде.
Қолдау құралы
- Қайырымдылық немесе қаржылық қолдау ретінде кімге қолдау көрсеткіңіз келетіні туралы келісім жасаңыз.
Төлемдердің басталу күні
- Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы-аннуитенттің төлемдер басталған күнге дейін, ал кейіннен әрбір аннуитеттік төлем кезеңінің соңына дейін өмір сүруі. Сіз оның жиілігін өзіңіз анықтайсыз.
- Егер шартта кепілдендірілген мерзім көзделген болса, ӨСК осы мерзім шегінде (аннуитенттің тірі екендігіне қарамастан) аннуитеттік төлемдер жүргізетін болады
Төлем мерзімі
- Сіз аннуитеттік төлемдер қай уақытта төленетінін өзіңіз анықтайсыз. Бір жыл, бірнеше жыл, немесе өмір бойы.
Сақтандыру шартында кімді қаржылай қолдағыңыз келетінін көрсетіңіз. Біз оған аннуитеттік төлемдерді тандалған жиілігі бойнша төлей бастаймыз (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл, немесе жылына бір рет).
Келісімшартты бір рет жасаңыз, содан кейін біз аннуитеттік төлемдерді өзіміз автоматты түрде жасаймыз.
Қаражатты қазірден жоспарлап, болашағыңызға сенім артыңыз.
Standard & Poor ' s халықаралық рейтингтік агенттігінен компанияның кредиттік рейтингі және қаржылық тұрақтылық рейтингі (қайта қарау күні: 03.10.2025): "BB+" (халықаралық шкала) және "kzAA" (ұлттық шкала).
Компания General Reinsurance, Германиядағы тәуекелдерді қайта сақтандырады. Бұл әлемдегі ең ірі қайта сақтандыру компанияларының бірі. Standard & Poor ' s қаржылық тұрақтылық рейтингі: "AA+", Moody ' s Financial Strength Ratings: "Aa1" және A. M. Best: "a++" (Superior)
Біздің компания сақтандыру нарығында 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. 2018 жылдан бастап біз NASDAQ-та акциялары бар 22 елде жұмыс істейтін ірі брокерлік компания Freedom брендімен жұмыс істейміз. 2021 жылдан бастап Freedom Holding Corp құрамына кірдік.



