Freedom Finance Life
Купить Онлайн
На нашем сайте Вы можете купить cтрахование от COVID-19 "Corona Protect""
Оставить заявку
Выберите страховую программу
Заказать звонок
Оставьте заявку, и мы свяжемся с Вами в ближайшее время. Или звоните по номеру 77 75
Қоңырауға тапсырыс беру
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады.
Заказать звонок
Оставьте заявку, и мы свяжемся с Вами в ближайшее время. Или звоните по номеру 77 75
ЖЕКЕ ҚАРЖЫНЫ
ҚАЛАЙ БАСҚАРУ
✓ Қаражатты үнемдеу, жинау, бюджетті жүргізу және болашақ шығындарды жоспарлау
✓ Ақшаны қайда салу дұрыс немесе қайда салмаған жөн
✓ Құнсызданудан және инфляциядан сақтану
✓ Депозит, жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар және сақтандыру деген не?
✓ Баланы оқыту қаражатын және зейнетақыны қалай жинауға болады
Ақысыз онлайн-курс

Курс тұрпаты
Электрондық хаттары аптасына екі рет келеді
Ұзақтығы
7 апта
Құны
Ақысыз
Нәтижесі
Онлайн курстан өту туралы сертификат + Freedom Finance Life компаниясынан бонус
Бұл қандай курс
Жеке қаржыны қалай басқару – қаржылық тұрғыда ойлау, қаражат, үнемділік, қаржыландыру, сақтандыру және табыс табу туралы ақысыз хаттар жиынтығы. Біз бұл курсты тәжірибемізбен және білімімізбен бөлісу мақсатында іске қостық.

Хаттар қызығушылық туғызады, егер Сіздер бар тапқандарыңызды шашпай үнемдеуді үйренгіңіз келсе, жеке қаржыңызды басқаруды, шығындарыңызды жоспарлауды, өз басыңыздың қаржылық бостандығын және сақтығыңызды қамтамасыз етуді, ақылға салып ақша жұмсауды, қаржыландыру мен табыс табуды армандасаңыз.
Нені үйренесіз
Қаражат
жинауды
Біз ақшаны неге албырт шығындарға жұмсаймыз және оған ақыл-ойдың қандай қатысы бар. Бюджет жүргізуді қалай бастау керек.
Қаржылық «жастығын» қалай құру керек
Ол не нәрсе және ол не үшін керек, ақша жинаудың жағымды әдісі.
Қаражатты қалай қорғау керек
Мысалы, инфляциядан, құнсызданудан, жазатайым оқиғалардан.
Ақшаны қайда
салу тиімді
Депозит, жылжымайтын мүлік салымдары, бағалы қағаздар және өмірді жинақтаушы сақтандыру деген не. Ақшаны қалай жинаған дұрыс.
Баланың оқуына қаражатты қалай жинаған жөн
Жоғары білім алу туралы неге алдын-ала ойлану қажет және баланың оқуына қаражат жинауды қалай бастау керек. Қаржылық құралдарын салыстыру
Қарттық қаражатын жинау жолдары
Қартайғанда тек зейнетақыға сүйенбей ақшаны қалай жинауға болады. Зейнетке уақытынан бұрын шығу және зейнетақыны доллармен алуға қалай болады.
Курс бағдарламасы
1. Шығындануға тыйым салып, ақша жинауға үйрену
- Неге біз ақшаны үнемі текке жұмсаймыз;
- Ақылымыз шешімді қалай қабылдайды;
- Босқа шығындануға тыйым салу.
2. Жеке бюджетті қалай жүргізу керек
- Ақшаны не нәрсеге жұмсаймыз;
- Міндетті шығындарды және күнделікті бюджетті қалай есептеу керек;
- Күнделікті шығындарды тізбелеу;
- Үнемдеу жолдары;
- Ақша жинау әдістері.
3. Шығындарды жоспарлау
- Шығындарды жоспарлау неге қажет;
- Кірісті жоспарлау;
- Шығынды қалай дұрыс есептеу керек;
- Кіріс пен шығыс балансын дұрыс түйістіру.
4. Қаржылық «жастығын» қалай құру керек
- Қаржылық «жастық» деген не;
- Қандай қаржылық «жастығы» керек екенін қалай есептеуге болады;
- Қаржылық «жастығын» құру үшін, қалай ақша жинауға болады;
- Қаржылық «жастығын» құрғаннан кейін, ақшаны сақтаудың жағымды әдістері.
5. Инфляцияның сіздің ақшаңызға келтіретін әсері
- Инфляция деген не;
- Инфляцияны қалай есептейді;
- Инфляция түрлері;
- Инфляция неге туындайды;
- Қорланымды инфляциядан қорғау жолдары.
6. Құнсыздану сіздің ақшаңызға қалай әсер етеді
- Құнсыздану деген не;
- Құнсыздану түрлері;
- Құнсыздану неге туындайды;
- Қорланымды құнсызданудан қорғау жолдары.
7. Қаржылық пирамидалардан неге аулақ жүру керек
- Қаржылық пирамида деген не;
- Қазақстандағы қаржылық пирамида мысалдары;
- Қаржылық пирамиданы қалай айқындауға болады;
- Қаржылық пирамида түрлері;
- Қаржылық пирамидаларға қатысу неге дұрыс емес.
8. Депозит деген не және ол қалай жұмыс істейді
- Депозит деген не;
- Депозиттер түрлері;
- Ақшаны депозитте дұрыс сақтау жолдары.
9. Жылжымайтын мүлікке салым жасау дұрыс па
- Жалға беретін пәтер шығынын есептеу;
- Жылжымайтын мүлікке салым жасау минустері;
- Жылжымайтын мүлікке салымды қашан жасау керек.
10. Қор нарығы қалай жұмыс істейді және қаржыландыруды қалай бастау керек
- Қор биржасы қалай жұмыс істейді;
- Компанияларға қор нарығы не үшін қажет;
- Инвесторларға қор нарығы не үшін қажет;
- Тәуекелдер: бұл не, және одан қалай сақтану керек;
- Делдалдық компаниясын қалай дұрыс таңдау керек;
- Қалай қаржыландыру керек;
- Қаржыландыруды қашан бастау керек.
11. Өмірді жинақтаушы сақтандыру деген не
- Сақтандыру түрлері;
- Өмірді жинақтаушы сақтандыру қалай жұмыс істейді;
- Өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша не үшін төлем атқарады;
- Өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасау мақсаты.
12. Зейнетақыға қалай жинауға болады
- Зейнетақыға неге өзбасы жинау керек;
- Қанша жинау керек;
- Қай жерде жинау керек;
- Уақытынан бұрын зейнетке қалай шығуға болады.
13. Баланың оқуына ақша жинау жолдары
- Жоғары білім алу туралы неге алдын-ала ойлану қажет;
- Қазақстанда жоғары білім алу қанша тұрады;
- Баланың оқуына ақшаны қалай жинау керек.
14. Күтпеген оқиғалар мен шығындардан қалай сақтануға болады
- Қаржылық «жастыққа» қанша қаражат жинау керек;
- Күтпеген шығындардан тағыда қалай сақтануға болады?;
- Жазатайым оқиғалардан сақтандыру қалай жұмыс істейді.
Хаттар үлгісі
Курска жазылыңыз
Компания туралы
Біз өмірді сақтандыру жөніндегі Freedom Finance Life компаниясымыз.

Клиенттерді күтпеген қаржылық шығындардан және жазатайым оқиғалардан қорғаймыз, қаражат жинауға көмектесеміз және олардың өмірі жайлы болғанына барша күшімізді саламыз!

2019 жылы оқыту мастер-класс сериясын, балаларын университетте оқыту үшін қаражат жинауға қолайлы ата-аналарға арналған бағдарламаны, қаржылық сауатын ашу жазғы лагерін, рак ауруынан сақтандыру және онкология ауруы бар балаларды қолдау үшін қайырымдылық челленджін іске қостық.

Компанияның бұрынғы атауы басқа болған, бірақ, біз 2018 жылдың аяғынан Freedom Finance брендін қолданамыз. Қазіргі уақытта, біздің офистеріміз Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан және 397 мыңнан асқан сақтандырылған клиенттеріміз бар.