Freedom Finance Life
«Freedom Finance Camp» қаржылық сауаттылығы бойынша тегін балалар лагері басталды
2019 жылғы 15 шілдеде «Freedom Finance Life» Өмірді сақтандыру компаниясы Алматыда қаржылық сауаттылық бойынша тегін білім беру лагерін іске қосты. Оған 11-13 жас аралығындағы балалар қатысады.

Лагерь бағдарламасы 2 сағаттан 4 сабақтан тұрады. Сабақ барысында балалар ақша не екенін, олармен қалай қарым-қатынас жасау, табыс табу, ақылмен жұмсауға және жинауға болатынын біледі. Бұдан басқа, лагерь қатысушыларына қор нарығы, бағалы қағаздар, сақтандыру, банктер және жылжымайтын мүлік деген не екенін айтып береді. Бесінші сабаққа балалар кім болғысы келетін және оған қол жеткізу үшін не істеу керек туралы шағын жобаны таныстырады.

Барлық қатысушыларды естелік сыйлықтар мен «Freedom Finance Life» қаржылық сауаттылық курсынан өткендігі туралы сертификат күтіп тұр.

Лагерь креативті форматта және интерактивті ойындармен өткізіледі. Оған қатысу тегін. Өз баласын жазу үшін ата-аналар шығармашылық байқауға қатысып, әлеуметтік желілерде баланың кім болуды армандайтынын жариялау керек. Жариялау форматы тандауыңыз бойынша -шығарма, фотосурет, бейне немесе басқа нәрсе. Жарияланымда #FreedomFinanceCamp хэштегін жазу және "Freedom Finance Life" бетін белгілеу қажет. Осыдан кейін camp.ffin.life лагерь сайтында өтініш қалдыру керек.
«Біз лагерьді іске қосуға қуаныштымыз. Біз үшін бұл біздің тәжірибемізбен бөлісу және балаларға өз армандарын орындауға көмектесу мүмкіндігі. «Freedom Finance Camp» - да алған білім олар үшін арман мамандығына, үлкен жетістіктерге және жеңістерге алғашқы қадам болады деп сенемін. Лагерь жаздың соңына дейін өткізіледі, сондықтан жаңа қатысушылар мен олардың ата-аналарын күтеміз». – деп «Freedom Finance Life» СК» АҚ Басқарма төрағасы Азамат Ердесов мәлімдеді.

Лагерь тамыздың соңына дейін әр 2 апта сайын өткізіледі. Сондықтан барлық ниет білдірушілер жазыла алады. camp.ffin.life сайтында толығырақ шарттар.
Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді