Freedom Finance Life
ЕГЕР АҚШ ДОЛЛАРЫНЫҢ ҚҰНЫ ӨССЕ, КОМПАНИЯ ЗЕЙНЕТАҚЫ АННУИТЕТІ ШАРТЫНА ҚОСЫМША ТӨЛЕМДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН БОЛАДЫ.
Freedom Finance Life-тің БЗЖҚ салымшыларына арналған жаңа ұсыныс-АҚШ долларының бағамы бойынша төленетін зейнетақы аннуитеті бағдарламасы
Біз девальвациядан қорғайтын зейнетақы аннуитеті бағдарламасын іске қостық. Оның арқасында ресми зейнеткерлік жастан ерте зейнетақы ала отырып, аннуитет шартын жасасуға болады және бұл ретте өз төлемдерін ұлттық валютаның құнсыздануынан қорғауға болады. Егер АҚШ долларының құны өссе, біздің компания теңгемен көбірек төлейді. Қосымша төлемнің мөлшері төлемдер кестесі бойынша жүзеге асырылатын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлем сомасы мен оның шартты жасау сәтіндегі АҚШ долларындағы баламасы арасындағы айырмаға (болған жағдайда) тең.

Зейнетақы аннуитеті бағдарламасы зейнетақы аударымдарының қажетті сомасын жинаған барлық адамдар үшін қолжетімді: ерлер үшін 9,6 миллион теңгеден астам және әйелдер үшін 13,4 миллион теңгеден астам. Егер сізде мұндай сома болса, сіз бұрын зейнетке шыға аласыз: ер адамдар үшін 55 жыл және әйелдер үшін 51 жыл. Сонымен қатар, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдер өмір бойы үнемі жүргізіледі. Егер олардың мөлшері БЖЗҚ-да жинақталған және зейнетақы аннуитетін сатып алуға аударылған зейнетақы жарналарынан асып кетсе де олардың төлемі тоқтамайды.

Зейнетақы аннуитеті шартына 5 жыл мерзімге қосымша шарт жасалады, ол бойынша сіз АҚШ доллары бағамының өсуі кезінде зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақыға қосымша төлем алатын боласыз.

«Біздің компания клиенттерді девальвацияның әсерінен қорғау үшін жаңа бағдарламаны іске қосты. Енді, егер АҚШ доллары қымбаттаса, осы бағдарлама бойынша шарт ресімдеген клиенттер теңге бағамының өзгеруіне сәйкес қосымша төлем алатын болады. Бұл девальвацияның әсерін реттейді". – «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Азамат Ердесов түсініктеме берді.

Жаңа бағдарлама барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді. Сонымен қатар, біздің компаниямызда зейнетақы аннуитеті шартын жасай отырып, сіз зейнетақы аннуитеті шартын девальвациядан қорғау арқылы аласыз.

Қосымша төлемді ескере отырып зейнетақы аннуитеті бойынша төлемді есептеу мысалы:
Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді