Freedom Finance Life
Қоңырауға тапсырыс беру
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады.
Уведомление о размещении акций
«Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 12 желтоқсанда Қоғамның жарияланған қарапайым акцияларын орналастыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды, осыған орай Қоғам өз акционерлеріне Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 16-бабына сәйкес төмендегі талаптарда Қоғамның қарапайым акцияларын басымдықпен сатып алу құқығын пайдалануды ұсынады:

- орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздардың саны мен түрі: 135 000 қарапайым акция;

- орналастырылған акциялар санының (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп тастағанда) орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздардың түрлері бойынша орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздардың санына арақатынасы: 1 800 000/135 000=13,33;

- орналастырылатын (сатылатын) акцияларды сатып алу талаптары:

– Қоғамның қарапайым акцияларын сатып алуға өтінімді қабылдау мерзімі – акциялардың орналастырылуы туралы хабарланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн;

– Қоғамның сатып алынған қарапайым акцияларының ақысын акционер Қоғамның қарапайым акцияларын сатып алуға жазбаша өтінім берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде төлейді;

- бағалы қағаздарды орналастыру (сату) бағасы: 1 қарапайым акция үшін 1 471,83 теңге;

- акционер Компания акцияларын сатып алуға өтінім бере алатын пошталық мекен-жайлар: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 77/7, «Esentai Tower» БО, 7а, 7-қабат.

Байланыс ақпараты:

Корпоративтік хатшы: А.Е. Абыканова, тел: +7 (727) 228 06 07 (ішкі 1101), e-mail: a.abykanova@asia-life.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №31 қаулысымен бекітілген «Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру қағидаларының» 8- және 13-тармақтарына сәйкес, акционердің қарапайым акцияларды сатып алуға берген өтінімінде мына мәліметтер көрсетілуі тиіс екендігіне назарларыңызды аударамыз:

1) Қоғам акционері салып алуға ниет білдірген бағалы қағаздардың саны және түрі;

2) акционердің немесе оның уәкілетті өкілінің тегі, аты (бар болған жағдайда – әкесінің аты), жеке басын куәландыратын құжатының деректемелері, тұрғылықты жері, қолы.

Басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес Қоғамның қарапайым акцияларын сатып алудан бас тартқан жағдайда, Қоғам акционері осы хабарламаны алған мезеттен бастап 30 күн ішінде мына мәліметтерді қамтитын жазбаша бас тартуды беруі тиіс:

1) Қоғам акционері сатып алуға құқылы бағалы қағаздардың саны және түрі;

2) Қоғам акционері басымдықпен сатып алу құқығын жүзеге асырудан бас тартқан жағдайдағы бағалы қағаздардың саны және түрі;

3) акционердің немесе оның уәкілетті өкілінің тегі, аты (бар болған жағдайда – әкесінің аты), жеке басын куәландыратын құжатының деректемелері, тұрғылықты жері, қолы.

Өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғаңыздар
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады. Олар барлық сұрақтарға жауап беріп, қолайлы сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі және полис құнын есептейді