Multilevel marketing агенттеріне арналған тапсырма шарты (жария оферта)
1. Осы жария оферта (бұдан әрі – Оферта) "Freedom Life" ӨСК" АҚ-тың (бұдан әрі – сақтандыру компаниясы) барлық мүдделі тұлғаларға (бұдан әрі-мүдделі тұлға) Оферта мен Тапсырма шартында (Оферт қосымшасында) сипатталған талаптарда сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметтер көрсетуге тапсырма шартын жасасу туралы ұсынысын білдіреді.
2. Оферта мерзімсіз болып табылады және https://ffin.life сақтандыру компаниясының ресми сайтында орналастырылған күннен кейінгі күнге дейін, Офертаның күшін жою туралы хабарламаны алғанға дейін жарамды. Сақтандыру компаниясы себебін түсіндірмей-ақ кез келген уақытта Офертаның күшін жоюға құқылы.
3. Офертаны қабылдауға (Офертаға қатысты пікір білдіруге) құқылы:
3.1. Жеке тұлға:
1) кәмелетке толғандар;
2) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылмаған;
3) кемінде орта білімі бар;
4) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес оқудан өткен;
5) еңбек шартының негізінде сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің қызметкері болып табылмайтын;
6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес банкі филиалының, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымын бұрын атқармаған - уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, лицензиядан айыру, мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, лицензиядан айыру, мәжбүрлеп тарату не заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолданылады;
8) бұрын сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің филиалының, сақтандыру агентінің - сақтандыру брокерінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің филиалының, қызметкер біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген жағдайда сақтандыру агентінің - заңды тұлғаның қызметкері болып табылмаса. Көрсетілген талап сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру агенті - заңды тұлғаның бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған күннен бастап екі жыл ішінде қолданылады;
9) террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде көрсетілмеген жағдайларда жүзеге асырылады.
4. Офертаны қабылдағысы келетін мүдделі тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметтерін көрсету үшін оқытудан өтуге және тапсырма шартын жасасуға өтініш беруі тиіс, мүдделі тұлға сақтандыру агенттерін оқытудың ең төменгі бағдарламасын білу үшін заңды тұлғалар бірлестігінде ("Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы") оқытудан өтуі және тестілеуден өтуі, содан кейін сақтандыру компаниясы мүдделі тұлғаны Сақтандыру қызметі туралы заңының 18-1-бабының 1-тармағында жазылған талаптарға сәйкестігіне тексеру үшін қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.
5. Осы Офертаны қабылдау жазбаша түрде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тапсырма шартына қосылу туралы өтінішке (Офертаға қосымша) қол қою арқылы жүзеге асырылады. Тапсырма шартының өтінішіне ЭЦҚ арқылы қол қойылуы мүмкін, ол 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" ҚР Заңының және қағаз жеткізгіштегі қол қойылған тапсырма шартының талаптарына сәйкес келеді.
6. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 397-бабына сәйкес ЭЦҚ арқылы қол қойылған жағдайда, офертаны қабылдаудың мерзімі Тараптардың бірінің тапсырма шартына (Офертаға қосымшаға) қосылу туралы өтінішке және ЭЦҚ көмегімен соңғы қол қойылған күн болып танылады.
7. Мүдделі тұлға сақтандыру компаниясының не дербес деректерді трансшекаралық беруді қоса алғанда, мүдделі тұлғаның дербес деректерін үшінші тұлғаларға жинауға және өңдеуге өзінің келісімін растайды. Дербес деректерді сақтау мерзімін сақтандыру компаниясы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану сақтандыру компаниясының не үшінші тұлғаның Шарттың немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауы мақсатында, сондай-ақ сақтандыру компаниясы қызметінің мақсаттарын тұтастай іске асыру үшін жүзеге асырылады.
Мүдделі тұлға дербес деректерді жалпыға қолжетімді дербес деректер көздерінде, электрондық және өзге де деректер базаларында және картотекаларда таратуға, оның ішінде мұндай деректерді үшінші тұлғаларға беруге өзінің келісімін растайды.
Тапсырма шарты
Сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметтер көрсетуге тапсырма шартын жасасу туралы жария офертаға "Freedom Life" ӨСК" АҚ бір жақтан және "Сақтандыру агенті" екінші жақтан, осы шарт бойынша бірлесіп "Тараптар" деп аталып, осы тапсырма шартын (бұдан әрі – "Шарт") төмендегілер туралы жасасты:
1-бап. Терминдер мен анықтамалар
1. Клиент - Сақтандыру агенті делдалдық қызмет көрсету нәтижесінде жасалған сақтандыру шартының негізінде Сақтандыру компаниясы қызмет көрсететін тұлға.
2. Құрылым - қызметі тікелей немесе жанама түрде осы құрылымды басқаратын Сақтандыру агенті жетекшілік ететін Сақтандыру компаниясымен тапсырма шарттарын жасасқан бір немесе одан да көп сақтандыру агенттері.
3. Тармақ - тікелей жетекшілік ететін тікелей немесе жанама тәлімгер болып табылатын тікелей жетекшілік ететін және басқа да сақтандыру агенттерін қамтитын сақтандыру агенттерінің кіші тобы;
4. Сүйемелдеу - Сақтандыру агенті көрсеткен делдалдық қызметтер нәтижесінде сақтандыру шарты жасалған клиентпен тұрақты байланыс; сақтандыру шарты бойынша қажетті ақпаратпен хабарлау.
2-бап. Шарттың мәні
1. Сақтандыру агенті сыйақы үшін осы Шартта көзделген өкілеттіктер шегінде сақтандыру компаниясының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметтерді (бұдан әрі – делдалдық қызметтер) жүзеге асырады.
2. Сақтандыру компаниясы Сақтандыру агентіне осы Шартта көзделген тәртіппен комиссиялық сыйақыны төлеуге келіседі.
3. Сақтандыру компаниясы сақтандыру агентіне мыналарды қамтитын делдалдық қызметтерді жүзеге асыруға уәкілеттік береді:
1) Сақтандыру компаниясы үшін әлеуетті клиенттерді іздеу, Сақтандыру компаниясы ұсынатын қызметтерді жылжыту мақсатында ақпараттық-түсіндіру таныстырылымдарын жүргізу;
2) клиенттерге Сақтандыру компаниясы туралы ақпарат беру;
3) клиенттерге Сақтандыру компаниясы жүзеге асыратын оларды қызықтыратын сақтандыру түрлері бойынша кеңес беру, сақтанушыларға сақтандыру шартын түрлі талаптармен жасасу мүмкіндіктерін түсіндіру және сақтандыру жөніндегі өзге де кеңестік қызметтер;
4) сақтандыру шартын жасау үшін қажетті құжаттарды дайындау немесе ресімдеу;
5) сақтандыру шартын жасасу үшін барлық ақпаратты ұсыну (сақтандыру тарифтері, франшиза мөлшері, қабылданатын сақтандыру тәуекелдері, сақтанушы үшін ұсынылатын қосымша қызметтер спектрі);
6) сақтандыру шарттарын сүйемелдеу;
7) Сақтандыру агентінің қатысуымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша кезекті сақтандыру жарналарының төленуін бақылау.
4. Сақтандыру компаниясының сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру объектісі сақтандыру түріне байланысты кеелсілер болуы мүмкін:
1) Пайдаға қатысатын өмірді ерікті жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша және индекстеумен өмірді ерікті жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру объектісі – Сақтанушының (Пайда алушының) сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру мерзімінің соңына дейін Сақтандырылушының өмір сүруіне, қайтыс болуына және сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан Сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына зиян келтіруіне байланысты мүліктік мүдделері;
2) Өмірді ерікті сақтандыру немесе жазатайым жағдайдан сақтандыру шарттары бойынша объектісі - сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан Сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен тікелей байланысты Сақтанушының (Пайда алушының) мүдделері;
3) Жеке жинақтаушы емес (мерзімді) сақтандыру шарттары бойынша және топтық жинақтаушы емес (мерзімді) сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру объектісі - Сақтанушының (Пайда алушының) қайтыс болуына немесе еңбек қабілетін жоғалтуына немесе сақтандырылған адамның өмірі мен денсаулығына өзге де зиян келтірілуіне байланысты сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңінде пайда болған мүліктік мүдделері;
4) Ауру жағдайына классы бойынша сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру объектісі Сақтанушының (Сақтандырылушының) медициналық шығыстарына, сондай-ақ сақтандыру шартында/ сақтандыру ережелерінде тікелей көзделген өзге де шығыстарына байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, Сақтандырылушының мүліктік мүдделері болып табылады.
5) Білім беру жинақтау сақтандыру шарттары бойынша ("Freedom Keleshek" бағдарламасы (МБЖЖ)) сақтандыру объектісі сақтанушының (пайда алушының) сақтандырылушының сақтандыру қорғаудың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүруіне, сақтандырылушының сақтандыру қорғаудың қолданылу кезеңінде бірінші немесе екінші топтағы қайтыс болуына немесе мүгедектігін белгілеуіне байланысты мүліктік мүдделері болып табылады.
5. Сақтандыру агентінің сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі өкілеттіктерінің көлемі осы Шартта көрсетілген өкілеттіктер көлемінен аспауға тиіс.
3-бап. Ынтымақтастық шарттары
1. Шартты жасасу үшін болашақ Сақтандыру агентінің Сақтандыру компаниясымен мынадай талаптарға сәйкес келетін сақтандыру шартының болуы қажет:
2. Осы Шарттың қолданылу кезеңінде Сақтандыру агенті Сақтандыру компаниясымен жасасқан осы баптың 1-тармағына сәйкес қолданыстағы сақтандыру шарты ынтымақтастық үшін міндетті шарт болып табылады.
3. Сондай-ақ осы шартты жасасу кезінде Сақтандыру агенті Сақтандыру компаниясына мынадай құжаттарды беруге міндетті:
1) Сақтандыру компаниясы белгілеген нысан бойынша Тапсырма шартын жасасуға өтініш;
2) электрондық жеке куәліктің көшірмесі;
3) орта білім туралы аттестаттың көшірмесі;
4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы құзыретті органның анықтамасы;
5) Сақтандыру агентінің Сақтандыру компаниясының сұратуы бойынша сақтандыру агенттеріне қойылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттар.
Жоғарыда аталған құжаттардағы деректер өзгерген жағдайда Сақтандыру агенті Сақтандыру компаниясын хабардар етуге және өзгертілген құжатты алған сәттен бастап 3 (үш) күн ішінде осы құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
4. Сақтандыру агентіне тыйым салынады:
1) презентацияларды өткізу кезінде Сақтандыру компаниясының қызметі туралы дұрыс емес мәліметтерді ұсынуға;
2) Сақтандыру компаниясының атынан Сақтандыру компаниясына ауыртпалық салатын немесе оның мүдделеріне нұқсан келтіретін қандай да бір міндеттемелерді дербес қабылдауға;
3) өз қалауы бойынша Сақтандыру компаниясын және ол ұсынатын қызметтерді жарнамалауға, сондай-ақ, Сақтандыру компаниясының осындай жарнамалық материалдардың мазмұны мен нысандарын алдын ала мақұлдамай, Сақтандыру компаниясының қызметін жарнамалайтын кез келген хаттарды, жарияланымдарды немесе мақалаларды жазуға;
4) заңды тұлғалар болып табылатын клиенттерден сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге қолма-қол ақшамен төлемдер қабылдауға;
5) сақтанушылардан алған сақтандыру сыйлықақыларынан Тапсырма шарты бойынша өзіне тиесілі сыйақыны ұстап қалуға;
6) басқа сақтандыру агентімен (агенттерімен) бірлесіп, бір сақтандыру шарты бойынша Шартта көзделген өкілеттіктер шегінде делдалдық қызметті жүзеге асыруға;
7) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын екі сақтандыру ұйымдардың атынан және тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға;
8) ең төменгі оқу бағдарламасы бойынша сақтандыру агентінің емтихан тапсырғанын растайтын құжатсыз делдалдық қызметті жүзеге асыру;
9) осы Шарт бойынша өкілеттіктерді өзге тұлғаларға беруге;
10) сақтандыру жағдайының басталу мән-жайын, оның салдарлары мен себептерін түпкілікті тергеуге, сондай-ақ Сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін жүзеге асыру (немесе сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту) туралы түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Клиентке көрсетілген тергеуге не осындай шешімнің қабылдау барысына байланысты қандай да бір ақпаратты беруге, оның ішінде Сақтандыру компаниясының Клиентіне оның сақтандыру төлемін жүзеге асыруына уәде беруге;
11) Сақтандыру компаниясының атынан сақтандыру шартының/полисінің талаптарын дербес жасауға, өзгертуге, толықтыруға немесе жоюға;
12) мынадай сақтандыру шарттары бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға:
- Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жасалатын, зейнетақы аннуитеті;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу шеңберінде жасалатын»;
- олар бойынша сақтандырушылар Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын шарттар;
- олар бойынша сақтанушылар мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар болып табылатын шарттар;
- міндетті сақтандыру шарттары 01.01.2025 ж. бастап объектісі сақтандыру агентінің кәсіби жауапкершілігіне байланысты тәуекелдер болып табылатын үшінші тұлғалар алдында өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың қолданыстағы шарты болмай-ақ сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыру.
5. Егер сақтандыру шартында оның аты-жөні, ЖСН, телефоны көрсетілмесе, Сақтандыру агентінің комиссиялық сыйақы алуға құқығы жоқ.
4-бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Сақтандыру агенті құқылы:
1) Сақтандыру компаниясынан лицензиялардың және қаржылық есептілік деректерінің болуы туралы шынайы ақпарат алуға;
2) Сақтандыру бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыруға;
3) Сақтандыру компаниясынан Сақтандыру компаниясының атынан сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, ақпараттық-жарнамалық материалдарды және өзге де құжаттаманы ұсынуды талап етуге;
4) Сақтандыру компаниясынан Сақтандыру компаниясының сақтандыру өнімдері бойынша түсініктемелер мен мәліметтерді сұрауға және алуға;
5) Сақтандыру компаниясымен бірлесіп, Тараптармен қосымша келісілген тәртіппен тренингтер мен таныстырылымдар ұйымдастыруға;
6) осы Шартта көрсетілген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде комиссиялық сыйақы алуға.
7) жеке тұлға бола отырып, Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" Заңының 18 және 18-1-баптарында көзделген шектеулерді ескере отырып, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға.
2. Сақтандыру агенті міндетті:
1) Сақтандыру компаниясының атынан және оның тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға;
2) Сақтандыру компаниясы уәкілеттік берген іс-әрекеттерді дербес жасауға және өз қызметкерлерін қоспағанда, олардың жасалуын өзге тұлғаға қайта сенім білдіруге құқығы жоқ;
3) Сақтанушыға Сақтандыру агентінің Сақтандыру компаниясының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу құқығын куәландыратын осы Шартты, сондай-ақ Сақтандыру агенттерінің тізілімінде сақтандыру агенті деректерінің болуын растайтын құжатты (тізілімнен үзінді көшірме) ұсынуға;
4) берілген өкілеттіктер шеңберінде Сақтандыру компаниясы атынан сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті тиісті түрде жүзеге асыруға;
5) сақтанушыға Сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияларының көшірмелерін қоса алғанда, Сақтандыру компаниясы туралы қажетті ақпарат беруге;
6) сақтанушыны сақтандыру ережелерімен таныстыруға және оның талабы бойынша Ереженің көшірмесін ұсынуға (жіберуге);
7) сақтанушыны жасалатын сақтандыру шарты бойынша сақтандыру талаптарымен және/немесе ережелерімен таныстыруға және егер сақтандыру шарты сақтанушыға сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандыру полисін бере отырып қосылу шарты нысанында жасалған болса, сақтандыру Ережелерінің көшірмесін ұсынуға, сақтандыру шарттары туралы сақтанушыларға егжей-тегжейлі және дұрыс ақпарат беруге;
8) Сақтандыру компаниясы атынан сақтандыру шарттарын жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуға, сақтандыру қызметін реттейтін Сақтандыру компаниясының барлық ережелерінің, нұсқаулықтарының, өзге де ішкі нормативтік құжаттарының лимиттерінің талаптарын қатаң сақтауға және орындауға және олардан шегінуге жол бермеуге; Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының, сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын білуге және орындауға;
9) сақтандыру шартын жасасу кезінде құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етуге, сақтандыру шарттарының/сақтандыру полистерінің бланкілерінде, түзетуге, өшіруге жол бермей, көзделген деректемелерді мұқият және анық толтыруға;
10) Сақтандыру компаниясын Сақтандыру компаниясы Клиенттерінің сақтандыру шарттарын бұзуының, сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті мәліметтер ұсынбауының немесе жалған мәліметтер ұсынуының және болмауы сақтандыру компаниясы үшін жағымсыз салдарларға әкеп
соғуы мүмкін өзге де ақпараттың өзіне белгілі болған жағдайлары туралы хабардар етуге, сондай-ақ Сақтандыру компаниясына үшінші тұлғалардың кез келген талаптары туралы жазбаша түрде хабарлауға;
11) Сақтандыру компаниясына сақтандыру шарттары тізіліміне енгізу үшін жасалған сақтандыру шарттары/сақтандыру полистері бойынша мәліметтер мен бастапқы құжаттаманы, сақтандыру шарттарын/сақтандыру полистерін қоса алғанда, олар жасалған күні беруге;
12) қолданыстағы заңнамада көзделген сақтандыру агенттеріне қойылатын негізгі талаптарды сақтауға;
13) делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге, сақтандыру үрдісіне тартылмаған тұлғалар мен ұйымдарға құпия сақтандыру болып табылатын мәліметтерді және Сақтандыру компаниясының таратуына рұқсат етілген ақпаратты қоспағанда, сақтандыру агентіне белгілі болған өзге де ақпаратты жария етпеуге;
14) Сақтандыру компаниясының барлық жазбаша сауалдарына оларды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жауап беруге;
15) Сақтандыру компаниясының ішкі нормативтік құжаттары мен үрдістерінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға;
16) Сақтандыру компаниясы сеніп тапсырған мүліктің сақталуына толық материалдық жауапты болуға және осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін өзіне берілген Сақтандыру компаниясының материалдық құндылықтарына, оның ішінде сақтандыру шарттарына/сақтандыру полисіне ұқыпты қарауға, Сақтандыру компаниясына зиян келтірудің алдын алу шараларын қабылдауға; өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге қауіп төндіретін барлық жағдайлар туралы сақтандыру компаниясына уақтылы хабарлауға;
17) Сақтандыру компаниясына осы Шартта көзделген міндеттерді орындамауға не тиісінше орындамауға байланысты шығыстарды өтеуге;
18) Сақтандыру компаниясының Сақтандыру агенті арқылы жасалған сақтандыру шарттарында қателердің болуы туралы хабарламасын алған жағдайда, хабарламаны алған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде анықталған қателерді жоюға;
19) осы Шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде Шарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдау-беру актісі бойынша Сақтандыру компаниясына алынған құжаттаманы қайтаруға және осы Шартта көзделген барлық есептерді ұсынуға;
20) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі мониторингке жауапты сақтандыру компаниясының маманымен келісілгеннен кейін ғана мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асыру:
- 10 000 000 (он миллион) теңгеге тең немесе одан асатын не 10 000 000 (он миллион) теңгеге баламалы немесе одан асатын шетел валютасындағы сомаға тең сомада қолма-қол нысанда сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі көрсетілетін сақтандыру шартын жасасу, сондай-ақ көрсетілген сомада қолма-қол нысанда сақтандыру сыйлықақысын алу;
- мемлекеттік тіркелген сәттен бастап үш айдан аз уақыт өткен заңды тұлғалармен сақтандыру шартын жасасу;
21) сақтандыру агенті Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін мәліметтерді тіркеуді қоса алғанда, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға міндеттенеді, Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларын іске асыру шеңберінде қабылданған сақтандыру компаниясының ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып, аталған адамдарды тиісінше тексеру үшін қажетті ақпаратты және сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін кейіннен сақтанушылардан сақтандыру компаниясына бере отырып, Сақтанушымен сақтандыру шарты жасалған күннен бастап 72 сағат ішінде;
22) Сақтандыру компаниясына және/немесе Сақтандыру компаниясының лауазымды тұлғасына Сақтандыру агентінің кінәсінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылуына байланысты айыппұл салынған жағдайда, Сақтандыру компаниясының талабы бойынша айыппұл салынған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде айыппұл сомасын толық көлемде өтеуге;
23) Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптарын іске асыруға бағытталған Сақтандыру компаниясының ішкі нормативтік құжаттарында көзделген өзге де іс-шараларды жүзеге асыруға.
24) өзінің офисін ашқан кезде Сақтандыру агенті Сақтандыру компаниясын орналасқан жері, жұмыс кестесі және осындай кеңсенің телефоны туралы офис жұмысы басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті. Егер сақтандыру агенті офисін ресімдеген кезде фирмалық белгілері мен Сақтандыру компаниясының атауы бар маңдайшаларды, көрсеткіштерді, хабарландыруларды және басқа да графикалық бейнелерді пайдаланғысы келсе, онда Сақтандыру агенті Сақтандыру компаниясы белгілеген тәртіппен мұндай фирмалық сауда белгілері мен атауын пайдалануға жазбаша рұқсат алуы қажет;
25) Сақтандыру компаниясының тапсырмасы бойынша Сақтандыру агенттері үшін Сақтандыру компаниясы өткізетін семинарларға және өзге де оқыту шараларына лектор ретінде қатысуға, сондай-ақ оларды ұйымдастыруға қатысуға;
26) Сақтандыру компаниясы өткізетін оқудан өтуге және сақтандыру агенттеріне арналған ең төменгі оқу бағдарламасы бойынша емтихан тапсыруға;
27) осы Шарт бойынша іс-әрекеттерді дербес жасауға және олардың жасалуын өзге тұлғаға сенім білдірмеуге;
28) сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін кемінде үш жылда бір рет сақтандыру ұйымы, қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі ұйымдастырған кәсіптік қайта даярлаудан өтеді;
29) сақтандыру компаниясына деректемелердің, байланыс деректерінің (мекенжайлары мен телефондары), интернет-ресурстың, банк деректемелерінің өзгергені туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
3. Сақтандыру компаниясы құқылы:
1) Сақтандыру агентінен Сақтандыру компаниясының Клиенттері туралы ақпаратты сұрауға және алуға;
2) Сақтандыру агенттерімен көрсетілетін қызметтер бойынша барлық құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде олардың орындалу барысы туралы, сондай-ақ сақтандыру шарттары бойынша мәліметтер мен құжаттарды сұратуға және алуға;
3) Сақтандыру агентіне төлеуге тиесілі комиссиялық сыйақы сомасынан Сақтандыру агентінің Сақтандыру компаниясы алдындағы берешегін ұстап қалуға;
4) Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру агентінің Компанияның ішкі бақылау ережелерін, Сақтандыру компаниясының өзге де ішкі нормативтік құжаттарын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын және клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша оларға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерді сақтауының қызметін тексеруді қоса алғанда, сақтандыру агентінің қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
5) тиісті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы Төлеген қолма-қол ақшасыз нысанда сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) толық көлемде алғаннан кейін ғана сақтандыру агентіне комиссиялық сыйақы төлеуді жүзеге асыруға;
6) осы Шарттың талаптары орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда Сақтандыру агентіне комиссиялық сыйақы есептемеуге және төлемеуге;
7) Сақтандыру агентімен бірлесіп осы Шарттың талаптарын орындау үшін қажетті тренингтер мен таныстырылымдарды ұйымдастыруға.
8) Сақтандыру агентіне хабарламалар жіберу жолымен (Шарттың қосымша келісімдеріне қол қоймай) комиссиялық сыйақы мөлшері бойынша өзгерістер, сондай-ақ Шарттың өзге де талаптары мен Шартқа қосымшаларға өзгерістер енгізуге міндетті,
4. Сақтандыру компаниясы міндетті:
1) ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасау кіретін қызметкерлерді міндетті түрде көрсете отырып, Сақтандыру агенті туралы ақпаратты сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізуге;
2) Сақтандыру агенттерін оқытудың бағдарламасын білуге оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс қимылдар мәселелері бойынша, емтихан өткізу үшін өтініш берушілердің тізімін сақтандыру компаниясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігіне («Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне) жіберетін сақтандыру агентін оқытуды ұйымдастыру;
3) Сақтандыру агентіне оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін Сақтандыру компаниясының атынан сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыру үшін Сақтандыру агентіне қажетті ақпаратты және өзге де құжаттаманы беруге;
4) осы Шарт шеңберінде Сақтандыру агентінің назарына сақтандыру компаниясы бекіткен құжаттарды (ережелер, нұсқаулықтар, ережелер, бұйрықтар, өкімдер, тарифтік мөлшерлемелерінің өзгеруі), сондай-ақ осы құжаттарға толықтырулар мен өзгерістерді жеткізуге;
5) Сақтандыру агентінің сұратуы бойынша және өз бастамасы бойынша Сақтандыру компаниясының сақтандыру өнімдері бойынша, оның ішінде жаңадан енгізілетін және әзірлеу үрдісіндегі түсініктемелер, мәліметтер мен материалдар беруге;
6) осы Шарттың талаптарына сәйкес Сақтандыру агентіне комиссиялық сыйақы төлеуді уақтылы жүзеге асыруға;
7) Сақтандыру агентінен Сақтандыру агентінің есеп шотына сақтандыру сыйлықақыларының қате түсуі туралы ақпарат келіп түскен кезде қате түскен сомалар бойынша Сақтандыру агентімен салыстырып тексеруді жүргізуге;
8) Сақтандыру компаниясы қызметінің шарттары өзгерген не Сақтандыру агентінің қызметіне әсер ететін Қазақстан Республикасының заңдары өзгерген жағдайда Сақтандыру агентін хабардар етуге;
5-бап. Сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыру тәртібі
1. Әлеуетті клиентпен кездесу, таныстырылымдар және түсіндірулер өткізу нәтижелері бойынша Сақтандыру агенті әлеуетті клиентке Сақтандыру компаниясы бекіткен нысан бойынша сақтандыруға өтініш бланкісін ұсынады. Бұл бланк әлеуетті Клиентпен (немесе әлеуетті клиенттің сөзінен Сақтандыру агентімен) толтырылады және оған әлеуетті клиент пен басқа да тұлғалар қол қояды, егер мұндай қол қою заңнамаға немесе сақтандыру компаниясының талаптарына сәйкес міндетті болса.
2. Сақтандыру агенті сақтандыруға Өтініш бланкісін толтыру мәселелері бойынша түсініктеме беруге міндетті. Сақтандыруға өтініш бланкілерін толтыру тәртібі Сақтандыру компаниясының ережелерімен, Нұсқаулықтарымен және өзге де құжаттарымен белгіленеді. Сақтандыру компаниясының құжаттарында сақтандыруды жасау (қалпына келтіру) үшін қажетті өзге құжаттарды толтыру көзделуі мүмкін.
3. Сақтандыру өтініші бланкісін толтырғаннан кейін Сақтандыру агенті дереу, бірақ кез келген жағдайда 72 сағаттан кешіктірмей Сақтандыру компаниясына мыналарды беруге міндетті:
- толтырылған өтініш бланкісінің түпнұсқасы;
- өтінішке толтырылған қосымша (қажет болған жағдайда);
- сақтандырылушының, сақтанушының, пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (төлқұжат, жеке куәлік, туу туралы куәлік), сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы түбіртектің көшірмесі немесе Сақтандыру компаниясының талаптарына сәйкес өзге де құжаттар.
4. Сақтандыру компаниясы әлеуетті клиентпен сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Сақтандыру агентінің Сақтандыру компаниясына осындай бас тартуға байланысты талап қоюға немесе сақтандыру шартын жасасуды талап етуге құқығы жоқ.
5. Сақтандыруға арналған өтініштердің бланкілері және Сақтандыру агентіне Сақтандыру компаниясы берген өзге де құжаттар сақтандыру компаниясының меншігі болып табылады және Сақтандыру агенті өз қызметін тоқтатқан кезде Сақтандыру компаниясына дереу қайтаруға жатады.
6-бап. Делдалдық қызметтерді орындау
1. Делдалдық қызметтер Сақтандыру агентімен орындалған болып саналады, егер:
- Сақтандыру агенті Сақтандыру компаниясының қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру таныстырылымын (бұдан әрі – таныстырылым) жүргізген тұлға оның нәтижелері бойынша сақтандыру шартымен көзделген тәртіппен сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) төлеген жағдайда Сақтандыру компаниясымен сақтандыру шартын жасасса;
- Сақтандыру агентінің аты-жөні және сәйкестендіру коды оның негізінде сақтандыру шарты жасалған клиент қол қойған сақтандыруға арналған өтініш бланкісінде көрсетілсе.
2. Делдалдық қызметтер, егер оларды Сақтандыру агенті құрылымының құрамына кіретін жетекшілік ететін агент орындайтын болса, Сақтандыру агентінің орындалған құрылымы болып саналады.
3. Делдалдық қызметтер, егер Клиент пен Сақтандыру компаниясы арасындағы сақтандыру шарты көрсетілген есепті кезең ішінде жасалатын болса, есепті кезең ішінде орындалған болып есептеледі.
Күнтізбелік ай есепті кезең болып табылады.
7-бап. Делдалдық қызметтер көлемінің есебі
1. Сақтандыру агенті және оның құрылымы көрсеткен делдалдық қызметтердің көлемі арнайы өлшем бірліктерінде (бұдан әрі – бірліктер) ескеріледі.
2. Барлық қызмет кезеңінде Сақтандыру агенті көрсеткен делдалдық қызметтердің көлемі «жеке» бірліктерде ескеріледі.
3. Сақтандыру агентінің құрылымына кіретін басқа жетекшілік ететін агенттер олардың қызметінің барлық кезеңінде көрсеткен делдалдық қызметтердің көлемі «топтық» бірліктерде ескеріледі.
4. Есепті кезеңде есептелуге жататын бірліктер саны осы Шартқа № 1- және № 3-Қосымшаларда көзделген тәртіппен айқындалады және есепке алынады.
5. Егер клиент Сақтандыру агентінің жәрдемімен Сақтандыру компаниясының Клиент төлеген сақтандыру жарнасын толық көлемде қайтарумен жасалған сақтандыру шартынан бас тартса, Сақтандыру компаниясы Сақтандыру агентінің «жеке» бірлігін осындай шарт бойынша есептелген «жеке» бірлік көлемінде қайта есептеуге (азайтуға) құқылы.
6. Егер Сақтандыру агентінің құрылымына кіретін жетекшілік ететін агенттің «жеке» бірліктері шегерілсе, Сақтандыру компаниясы жетекшілік ететін агенттің шегерілген бірліктеріне сәйкес Сақтандыру агентінің «топтық» бірліктерін қайта есептейді (азайтады)
8-бап. Тарифтік мөлшерлеме және Сақтандыру агентінің кәсіби деңгейі
1. Делдалдық қызметтер бойынша комиссиялық сыйақы, заңды тұлғалармен ерікті топтық жинақтаушы емес (мерзімді) сақтандыру шарттары бойынша («Freedom Security» бағдарламасы), ерікті жинақтаушы емес (мерзімді) сақтандыру шарттары бойынша («Freedom Protect» бағдарламасы), халықаралық медициналық сақтандыру («Freedom Health» бағдарламасы), білім алуға өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша («Freedom Еducation» бағдарламасы), өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша («Freedom First» бағдарламасы), индекстелген, өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша («Freedom Capital» бағдарламасы), білім беру жинақтау сақтандыру шарттары бойынша ("Freedom Keleshek" бағдарламасы (МБЖЖ)) комиссиялық сыйақы есепті айда сақтандыру агентіне қатысты қолданыста болған тарифтік ставканы (осы баптың 2-тармағы) пайдалана отырып есептеледі. Осы бапта көрсетілмеген сақтандырудың басқа бағдарламалары бойынша комиссиялық сыйақы осы тапсырма шартына №3 қосымшамен айқындалады.
2. Әрбір есепті айға арналған тарифтік мөлшерлеме, Сақтандыру компаниясы Сақтандыру агентіне осындай айдың басында берген, кәсіби деңгейге байланысты. Кәсіби деңгей Сақтандыру агентіне, төменде көрсетілген кестеге сәйкес көзделген, есепті айдың алдындағы Сақтандыру агенті қызметінің барлық кезеңінде Сақтандыру агенті және Сақтандыру агентінің құрылымы жинаған, есептелген жеке және топтық бірліктердің саны (түзетулер мен шегерімдерді ескере отырып) бойынша талаптарды негізге ала отырып беріледі:
3. Егер тәлімгер бесінші кәсіби деңгейдегі Сақтандыру агенті болып табылса және жетекшілік етілетін адам да бесінші кәсіби деңгейге жетсе, онда Сақтандыру агенті жетекшілік етілетін адаммен тәлімгерлік қатынастарды сақтауды жалғастырады. Бұл ретте Сақтандыру агенті-тәлімгердің тарифтік мөлшерлемесі бесінші кәсіби деңгей үшін көзделген тарифтік мөлшерлемеге қатысты 150 теңгеге ұлғаяды. Құрылымда бесінші кәсіби деңгейдегі екінші Сақтандыру агенті пайда болған кезде Сақтандыру агенті-тәлімгердің тарифтік мөлшерлемесі қосымша 90 (тоқсан) теңгеге, бесінші кәсіби деңгейдегі үшінші Сақтандыру агенті үшін – 54 (елу төрт) теңгеге және тағы сол сияқты ұлғаюға жатады (әрбір келесі қосымша ұлғаю алдыңғы ұлғаюдан 60% - ды құрайды).
Сақтандыру агентінің бастамасы бойынша тәлімгерді өзгерту жүзеге асырылмайды. Осы Шарт тоқтатылған жағдайда Сақтандыру агентінің тәлімгерін өзгерту Шарттың 14-бабының 8-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
9-бап. Осы Шартқа сәйкес тәлімгерлік қатынастар
1. Егер Сақтандыру агенті олардың қызметіне тікелей немесе жанама түрде жетекшілік етсе және оларға қатысты неғұрлым жоғары кәсіби деңгейі болса, Сақтандыру агенті құрылым агенттеріне қатысты тәлімгер болып табылады.
2. Егер жетекшілік етілетін Сақтандыру агенті өз тәлімгерінің кәсіби деңгейіне немесе өз тәлімгерінің кәсіби деңгейіне қарағанда неғұрлым жоғары кәсіби деңгейіне жетсе, онда тәлімгерлік қатынастар тоқтатылмайды және Сақтандыру компаниясы құрамына жетекшілік етілетін топ бойынша тәлімгерге «топтық» бірлік есептеуді жалғастырады, бірақ осы жетекшілік етілетін Сақтандыру агентінің делдалдық қызметтері үшін маржиналдық сыйақы есептелмей және төлемей.
10-бап. Клиенттерді беру
Сақтандыру агенті Сақтандыру компаниясына ақылы негізде (сыйақы үшін) делдалдық қызметтер көрсететінін негізге ала отырып, ол Сақтандыру компаниясынан оның қызметінің нәтижесінде сақтандыру шартын жасасқан клиент
1. осындай Клиентті одан әрі сүйемелдеу үшін басқа тұлғаға берген жағдайда қандай да бір қосымша өтемақылар мен артықшылықтарды талап етуге құқылы емес.
2. Клиентті басқа сақтандыру агентіне немесе Сақтандыру компаниясына беру мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
1) клиентке ілесіп жүрген Сақтандыру агентімен шартты тоқтату;
2) клиенттен оны басқа тұлғаға сүйемелдеуге беру туралы өтінішті алу;
3) Сақтандыру агентінен Клиентті басқа тұлғаға сүйемелдеуге беру туралы өтінішті алу;
4) Сақтандыру компаниясының бастамасы бойынша және клиенттің ілесіп жүретін Сақтандыру агентінің келісімімен.
11-бап. Комиссиялық сыйақыны есептеу және төлеу тәртібі
1. Сақтандыру агентінің жалпы комиссиялық сыйақысы дербес және маржиналдық сыйақыдан және осы бапта және осы Шартқа № 3-Қосымшада көзделген сыйақының өзге де түрлерінен тұрады.
2. Дербес сыйақы - сақтандыру агенті көрсеткен делдалдық қызметтер үшін Сақтандыру агентіне Сақтандыру компаниясы есептеген ақша сомасы (жеке бірліктер үшін сыйақы), оны есептеу тәртібі № 3-Қосымшаға сәйкес айқындалады.
3. Маржиналдық сыйақы (топтық бірліктер үшін сыйақы) - Сақтандыру агентінің құрылымына кіретін басқа жетекшілік етілетін агенттер көрсеткен делдалдық қызметтер үшін Сақтандыру агентіне Сақтандыру компаниясы есептейтін ақша сомасы, оны есептеу тәртібі №3-Қосымшаға сәйкес айқындалады. Кез келген маржиналдық сыйақы тәлімгерлік қатынастары болмаған жағдайда есептелмейді.
4. Егер сақтандыру шарты бойынша тиесілі тиісті төлем осы баптың 5-тармағының және 6-тармағының талаптарын ескере отырып, сақтандыру шартында көзделген тәртіппен және мерзімдерде төленбесе, комиссиялық сыйақы есептелмейді және төленбейді.
5. Егер сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату немесе өзгерту нәтижесінде клиентке сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) қайтаруға тиесілі болса, онда комиссиялық сыйақының тиісті бөлігін Сақтандыру агенті Сақтандыру компаниясына қайтаруға міндетті.
6. Сақтандыру компаниясы Сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақы сомасынан Сақтандыру агентінің компания алдындағы берешегі (міндеттемелері) мөлшеріндегі ақша сомасын төлеу кезінде кез келген уақытта ұстап қалуға құқылы. Бұл ретте Сақтандырушы Сақтандыру агентінен Сақтандыру агентінің Сақтандыру компаниясы алдындағы осындай берешегін хабарламада белгіленген тәртіппен және мерзімде қайтаруды талап етуге құқылы.
7. Комиссиялық сыйақыны төлеу, егер осы Шарт тараптарының ешқайсысында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, орындалған жұмыстар актісі бойынша қарсылық болмаса, Сақтандыру компаниясы белгілеген мерзімде, бірақ есепті ай аяқталғаннан кейін 45 күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
8. Комиссиялық сыйақының мөлшері Сақтандыру компаниясының науқандарымен белгіленген талаптарда (болған жағдайда) сақтандыру шарттары жасалған жағдайда және Сақтандыру агенті осы Шартқа № 2-Қосымшада көзделген талаптарды орындаған кезде науқандар бойынша алынған жүлделердің сомасына не көтермелеу марапаттарының сомасына ұлғайтылады. Сақтандыру агентінің көтермелеу марапаттарын алу түрлері мен шарттары осы Шартқа № 2-Қосымшамен, Сақтандыру компаниясы өткізетін науқандар бойынша жүлделерді алу түрлері мен тәртібі – науқандар шарттарымен айқындалады.
9. Сақтандыру компаниясының Сақтандыру агентіне комиссиялық сыйақыны төлеуді Сақтандыру компаниясы тиісті сақтандыру шарты бойынша Сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) толық көлемде алғаннан кейін ғана жүзеге асырады.
10. Егер комиссиялық сыйақыны төлеу мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келсе, төлем мерзімінің аяқталу күні одан кейінгі ең жақын жұмыс күні болып есептеледі.
11. Осы Шарттың талаптары бойынша Сақтандыру агенттеріне тиесілі комиссиялық сыйақыдан қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қолданылатын барлық салықтар мен алымдар ұсталады.
12. Комиссиялық сыйақының құрамына сақтандыру шартын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырған Сақтандыру агентіне қатысты Сақтандыру компаниясы шығыстарының барлық түрлері, оның ішінде жалға алуға ақы төлеу жөніндегі шығыстар, сыйақылардың кез келген түрлері, сондай-ақ кез келген мүлікті немесе материалдық пайданы ұсыну енгізіледі.
13. Айрықша жағдайларда комиссиялық сыйақыны төлеу Сақтандыру агентінің өтініші негізінде Тараптармен келісілген өзге мерзімдерде жүзеге асырылуы мүмкін.
14. Комиссиялық сыйақы мынадай жағдайда төленбеуі мүмкін:
1) бастапқы құжаттаманы ресімдеу ережелерін бұзу және/немесе бастапқы құжаттаманы толтыру кезінде сақтандырудың стандартты шарттарын бұзу;
2) Шарт талаптарына сәйкес Сақтандыру компаниясымен келісілмеген сақтандыру талаптарын қолдану.
Комиссиялық сыйақы күшіне енген сақтандыру шарттары бойынша ғана төленеді.
15. Сақтандыру агентімен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде Сақтандыру компаниясы Сақтандыру агентінің берешегін Сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақыдан шегеруге құқылы.
16. Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлеуіне әкеп соғатын Сақтандыру агенті арқылы жасалған сақтандыру шарттарын қайта ресімдеу кезінде Сақтандыру агентінің комиссиялық сыйақысы қайта есептеуге және Сақтандыру агентіне сақтандыру сыйлықақысының қосымша төленетін бөлігіне барабар төленуге тиіс.
17. Сақтанушыға сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтаруға әкеп соғатын Сақтандыру агенті арқылы жасалған сақтандыру шартын/сақтандыру полисін бұзған/қайта ресімдеген кезде Сақтандыру агентінің комиссиялық сыйақысы Сақтандыру агентінің комиссиялық сыйақысының бір бөлігін сақтандыру сыйлықақысының қайтарылатын бөлігіне барабар қайта есептеуге және Сақтандыру компаниясына қайтаруға жатады.
18. Бұл ретте Сақтандыру компаниясы Сақтандыру агентіне төлеуге тиесілі комиссиялық сыйақылар сомасынан Сақтандыру агенті қайтаруға жататын комиссиялық сыйақының бір бөлігін ұстап қалуды жүргізуге құқылы.
19. Осы Шарт бұзылған жағдайда сақтандыру агентімен комиссиялық сыйақы бойынша түпкілікті есеп айырысу орындалған жұмыстар актісі мен есеп айырысу парағы сақтандыру компаниясының жауапты тұлғасына тапсырылғаннан кейін жүргізіледі.
20. Комиссиялық сыйақыны есептеу барысында Сақтандыру агентіне төленуге жататын сома (барлық салықтар мен міндетті аударымдар ұсталғаннан кейін) теріс мәнге ие болған жағдайда, сыйақыны есептеу және нақты төлеу жүзеге асырылмайды. Комиссиялық сыйақы төлеу оң сальдо жинақталғаннан кейінгі келесі есептік кезеңдерде жүзеге асырылады. Төлем тек кезекті есептеу нәтижесі бойынша оң нәтиже болған жағдайда ғана жүргізіледі
12-бап. Орындалған жұмыстардың актілері
1. Сақтандыру агенті көрсеткен делдалдық қызметтер бойынша Орындалған жұмыстардың актісі (бұдан әрі – акт) есептік парақтар негізінде жасалады және оған әрбір есепті ай аяқталғаннан кейін электрондық немесе қағаз құжат түрінде ұсынылады. Құжаттың нысаны және оны берудің тәртібін Сақтандыру компаниясы айқындайды.
2. Есеп айырысу парақтарында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) есепті айдың соңында Сақтандыру компаниясымен сақтандыру шарттары жасалған көрсетілген қызметтер бойынша бірліктер;
2) төленген сақтандыру сыйлықақысын қайтару арқылы қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған сақтандыру шарттары бойынша түзету бірліктері;
3) осы Шартта көзделген түзетулер мен шегерімдер нәтижесінде есептелген немесе шегерілген бірліктер.
3. Актіні алған кезде Сақтандыру агенті оның мазмұны мен есеп айырысу парақтарының мазмұнын мұқият тексеруге міндетті. Актіні алған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Сақтандыру агенті Сақтандыру компаниясына актіде немесе есеп айырысу парағындағы ықтимал қателер мен қарсылықтар туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
4. Сақтандыру компаниясы Сақтандыру агенті тарапынан осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімде қарсылықтарды алмаған жағдайда осы Шарт бойынша есепті айдағы жұмыстар актіде көрсетілген көлемде орындалды деп есептеледі және актіде көрсетілген мөлшерде төленуге жатады.
13-бап. Тараптардың жауапкершілігі
1. Сақтандыру агенті жеке және/немесе заңды тұлғаларға беру үшін не делдалдық қызметті жүзеге асыру үшін Сақтандыру компаниясына немесе Сақтандыру компаниясынан кейіннен беру үшін жеке және/немесе заңды тұлғалардан алынған кез келген мүлікке және басқа да құжаттарға материалдық жауапты болып табылады.
2. Осы Шарттың талаптары бұзылған жағдайда Сақтандыру агенті Сақтандыру агентінің осы Шарттың талаптарын бұзуы нәтижесінде тікелей немесе жанама туындаған немесе туындауы мүмкін шағымдардан Сақтандыру компаниясын қорғау үшін дербес және өз есебінен шаралар қолдануға міндетті. Сақтандыру компаниясының осындай кінәраттарға байланысты кез келген шығындарын Сақтандыру компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Сақтандыру агентінен өндіріп алуға құқылы.
3. Сақтандыру компаниясына материалдық залал келтірілген жағдайда Сақтандыру агенті келтірілген залал мөлшерінде материалдық залалды өтеуге міндетті.
4. Сақтандыру компаниясының Сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақыдан Сақтандыру агентінің Сақтандыру компаниясы алдындағы берешегі мөлшеріндегі ақша сомасын кез келген уақытта ұстап қалуға құқығы бар.
Сақтандыру компаниясымен шарттық қатынастарды тоқтату Сақтандыру агентін осы
Шарттың қолданылу кезеңінде пайда болған Сақтандыру компаниясы алдындағы берешекті өтеуден босатпайды.
5. Тапсырма шарты бұзылған жағдайда Сақтандыру агенті өзіне сеніп тапсырылған жарнамалық материалдарды, құжаттарды, сақтандыруға арналған өтініштерді, тауарлық-материалдық қорларды қайтаруға тиіс.
6. Сақтандыру агенті мыналар үшін жауапты болады:
- өз қызметін жүзеге асырудан туындайтын міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау;
- Сақтандыру компаниясының коммерциялық құпиясын, сақтандыру құпиясын, сақтанушылардың жеке деректерін құрайтын мәліметтерді жария ету;
- олардың өз өкілеттіктерін орындағанын растайтын мәліметтер мен құжаттардың шынайылығы, толықтығы және уақтылылығы;
- Сақтандыру агентінің осы Шартта көзделген міндеттерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты Сақтандыру компаниясына келтірілген зиян мен залалдар.
14-бап. Шарттың қолданылу мерзімі мен аумағы. Шартты бұзу және тоқтату тәртібі
1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және: сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруы бөлігінде – 12 ай, қалған бөлігінде-Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Тараптардың бірі екінші Тарапты осы Шарттың қолданылуын аяқтау ниеті туралы хабардар етпесе, онда Шарт автоматты түрде 12 айға ұзартылған болып есептеледі. Осы Шарттың қолданылуын ұзартудың осы тәртібі ұзарту саны бойынша шектеусіз қолданылуы мүмкін.
3. Осы Шарт Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
4. Сақтандыру компаниясы қызметінің шарттары өзгерген және/немесе сақтандыру агентінің қызметіне әсер ететін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер, сақтандырудың ерікті түрлері бойынша қызметті жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі болған жағдайда сақтандыру компаниясы сақтандыру агентін курьерлік пошта байланысы/пошта байланысы/электрондық пошта немесе хабарламаның жіберілгенін растайтын өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Егер сақтандыру агенті енгізілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, оған сақтандыру компаниясымен келіспегенін растай отырып, курьерлік пошта байланысы/ пошта байланысы/ электрондық пошта немесе өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы үш жұмыс күні ішінде сақтандыру компаниясына келіспегені туралы жазбаша нысанда хабарлау қажет. Бұл ретте тапсырма шарты сақтандыру компаниясы сақтандыру агентінен келіспеушілік алған күннен бастап біржақты тәртіппен бұзылған болып есептеледі.
5. Сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығару негіздері келесілер болып табылады:
1) уәкілетті орган сақтандыру агенті жасаған Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтары бойынша сақтандыру ұйымына қолданған қадағалау ден қоюдың ұсынымдық шараларын қоспағанда, қадағалау ден қою шарасы;
2) Сақтандыру компаниясының сақтандыру агентінің тапсырма шартының талаптарынан туындайтын міндеттерді орындамауын анықтауы;
3) Сақтандыру компаниясының сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келетін сақтандыру шарттарын жасасуын анықтауы;
4) уәкілетті органның, сақтандыру компаниясының сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмеуін анықтауы;
5) сақтандыру агентінің соңғы екі жыл ішінде сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырмауы тараптардың келісімі бойынша тапсырма шартын тоқтату;
6) тараптардың келісімі бойынша тапсырма шартын тоқтату;
Сақтандыру компаниясы Шарттың осы бабының 5-тармағының 1) -5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша сақтандыру агенті сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылған жағдайда сақтандыру агентіне хабарлама жібере отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзады. Сақтандыру агенті осы бабының 5-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылған жағдайда, қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады: жеке тұлға болып табылатын сақтандыру агентіне ол шығарылған кезден бастап екі жыл ішінде; Сақтандыру комания мен сақтандыру агенті арасында жасалған тапсырма шарты осы бабының 5-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген мән-жайларға байланысты емес негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, сақтандыру агенті туралы ақпарат тапсырма шарты тоқтатылған күннен бастап бір жыл өткен соң сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тасталуға жатады.
6. Осы шарт тоқтатылғаннан кейін Сақтандыру агенті, егер сақтандыру шарты Клиент пен Сақтандыру компаниясы арасында осы Шарт тоқтатылғанға дейін жасалған болса да, кез келген келесі сыйақы алуға барлық құқықтарынан айырылады.
7. Егер Сақтандыру компаниясымен өзгеше көзделмесе, Сақтандыру компаниясы Сақтандыру агентімен шартты тоқтатқан кезде:
- Сақтандыру агенті жетекшілік ететін агенттер Сақтандыру агентінің тәлімгерінің тікелей тәлімгерлігіне өтеді;
- тікелей Сақтандыру агентімен сүйемелденетін клиенттер одан әрі сүйемелдену үшін Сақтандыру агентінің тәлімгеріне өтеді.
8. Осы Шарттың қолданылуын мерзімінен бұрын бұзу тараптардың келісімі бойынша не Тараптардың бірінің бастамасы бойынша бір жақты соттан тыс тәртіппен екінші Тарапты шартты жоспарланған тоқтату күніне дейін кемінде жеті жұмыс күні бұрын алдын ала жазбаша хабардар ете отырып жүзеге асырылады.
9. Сақтандыру агентінің дұрыс емес ақпарат бергені анықталған жағдайда, сақтандыру компаниясы сақтандыру агентіне 3 жұмыс күні бұрын хабарлай отырып, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Кез келген залал келтірілген жағдайда сақтандыру агенті сақтандыру компаниясына және/немесе үшінші тұлғаларға келтірілген барлық залалдар мөлшерінде толық көлемде материалдық жауапкершілік атқарады.
10. Осы Шарт сақтандыру агенті сақтандыру қызметі туралы заңнамада белгіленген делдалдық қызметті жүзеге асыруға тыйым салу өлшемшарттарына түскен жағдайда сақтандыру компаниясы шарттан біржақты бас тарту негізінде бұзылады.
15-бап. Құпиялылық
1. Осы Шарттың мәтіні, сондай - ақ осы Шартты жасасу кезінде және осы Шартты орындау барысында Сақтандыру агентіне берілген және берілетін ақпараттың барлық көлемі Сақтандыру компаниясының құпия ақпараты (ал Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен рұқсат етілген шектерде-коммерциялық құпия) болып табылады.
2. Сақтандыру агенті осы Шартты жасасу кезінде және Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындау барысында Сақтандыру агенті рұқсат алған құпия ақпаратты ешқандай тәсілдермен жария етпеуге (үшінші тұлғаларда заңның тікелей көрсетілуіне байланысты тиісті өкілеттіктер болған жағдайлардан басқа, немесе Сақтандыру компаниясы жазбаша нысанда осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге келісім берген жағдайлардан басқа, кез келген үшінші тұлғаларға қол жетімді етуге) міндеттемелер қабылдайды. Осы міндеттемені сақтандыру агенті осы Шарттың қолданылу мерзімі шегінде және егер өзгеше келісілмесе, Шарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін үш жыл ішінде орындайды.
3. Сақтандыру агенті Қазақстан Республикасы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының талаптарын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер мен жауапкершілікті өзіне қабылдайды.
4. Сақтандыру агенті Шарттың осы бабында көрсетілген құпия ақпаратты жария етумен Сақтандыру компаниясына келтірілген барлық шығындарды толық көлемде өтеуге міндеттенеді.
5. Сақтандыру құпиясын және осы Шарт бойынша міндеттерді жүзеге асыру процесінде алынған сақтанушылардың дербес деректерін қоса алғанда, Сақтандыру компаниясының коммерциялық құпиясы болып табылатын мәліметтер бар ешқандай ақпаратты қандай да бір басқа заңды немесе жеке тұлғаларға жария етпеуге және бұл ақпаратты өзінің пайдасы үшін пайдаланбауға;
6. Өзіне сеніп тапсырылған ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге қауіп төндіретін барлық жағдайлар туралы Сақтандыру компаниясына уақтылы хабарлауға;
7. Сақтандыру компаниясы Сақтандыру агентіне осы Шарт бойынша міндеттерді жүзеге асыру үрдісінде қандай да бір нысанда беретін барлық ақпарат сақтандыру компаниясының айрықша меншігі болады және қалады және деректер мен олардың кез келген көшірмелері Сақтандыру компаниясының қалауы бойынша дереу қайтарылуы немесе жойылуы тиіс.
8. Осы бөлімнің күші Сақтандыру агентіне сеніп тапсырылған құжаттармен және сақтандыру құпиясын және сақтанушылардың дербес деректерін қоса алғанда, Сақтандыру компаниясының коммерциялық құпиясы болып табылатын мәліметтері бар кез келген басқа ақпаратпен жұмыс істеген барлық уақытына және осы Шарт бұзылғаннан кейін 3 жыл ішінде қолданылады.
16-бап. Форс-мажор
1. Осы Шарттың мақсаттары үшін «Форс-мажорлық жағдай», келесілерді қоса алғанда, тараптардың ерік-жігері мен тілегінен басқа туындаған және алдын ала болжауға немесе болдырмауға болмайтын, тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс тұрған кез келген мән-жайды немесе мән-жайларды білдіреді: соғыс, терроризм, көтерілістер, азаматтық тәртіпсіздіктер, найзағай, өрт, жарылыс, боран, су тасқыны, басқа да табиғи апаттар немесе табиғи катаклизмдер, ереуілдер, локауттар не мемлекеттік билік немесе басқару органының осы Шартты орындаудың мүмкін еместігіне әкеп соққан актіні қабылдауы.
2. Егер Форс-мажорлық жағдай Тараптардың бірінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтірсе, мұндай Тарап оны орындауға кедергі келтіретін Форс-мажорлық мән-жайлардың қолданылуы кезеңінде осы міндеттемені орындаудан босатылады, алайда, мұндай Тарап екінші тарапқа Форс-мажорлық жағдайдың бар екендігі туралы жазбаша хабарлама дереу жіберетін болса және басқа Тарап үшін залалдарды немесе шығынды барынша азайту үшін және осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау қабілетін қалпына келтіру үшін барлық қажетті және барабар іс-әрекеттерді қабылдауы тиіс. Егер туындаған жағдайлар 3 (үш) айдан астам уақытқа созылса, Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты бұзуға құқылы.
17-бап. Тапсырма шартына өзгерістер мен толықтыру енгізу тәртібі, қосымша шарртар
1. Шартқа өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, Тараптардың бірі келіспеген жағдайда, Тараптар хабарламаның жөнелтілгенін растайтын курьерлік пошта байланысы/пошта байланысы/электрондық пошта немесе өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы өзгерістер туралы бір-бірін жазбаша хабардар етеді, осы Тарап келіспеу туралы жазбаша хабарламаны Тараптардың бірі хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.
2. Сақтандыру агенті комиссияны есептеуге және төлеуге байланысты барлық мән-жайлар туралы Сақтандыру ұйымын жазбаша хабардар етуге міндетті. Сақтандыру агентінен Сақтандыру ұйымына жазбаша хабарлама жіберілген күн Сақтандыру компаниясының мұндай хабарламаны алған күні болып табылады. Ықтимал түсініспеушіліктерді болдырмау үшін Сақтандыру агенті Сақтандыру компаниясында кіріс нөмірін және хабарламаны алған күнді нақтылауға міндетті.
3. Сақтандыру компаниясы Сақтандыру агентіне жолданған барлық хабарламаларды осы Шартта көрсетілген пошта мекенжайы бойынша жібереді. Мекен-жайы өзгерген жағдайда Сақтандыру агенті он күн ішінде Сақтандыру компаниясына өзгертілген мекенжайды жазбаша хабарлауға міндетті. Сақтандыру агенті осы міндеттемені орындамаған жағдайда Сақтандыру компаниясы ескі мекенжай бойынша жіберген барлық хабарламалар жарамды (орындалған) болып саналады.
4. Тараптардың осы Шартқа қол қоюы Тараптардың оның қосымшаларын қоса алғанда, оның барлық талаптарымен келісімін білдіру болып табылады.
5. Сақтандыру агенті сақтауға міндетті талаптар Сақтандыру компаниясының ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленеді.
6. Сақтандыру компаниясы осы Шарттың талаптарынан туындайтын өз құқықтары мен міндеттемелерін Сақтандыру агентінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқылы.
7. Даулар туындаған жағдайда Тараптар оны келіссөздер жолымен шешеді, келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
8. Осы Шартпен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
9. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылған. Мемлекет Шарт мәтіні және орыс тілдерінде арасындағы кез келген айырмашылық болған жағдайда, орыс тіліндегі мәтін айқындаушы болып табылады.
10. Осы Шартқа қосымшалар мыналар болып табылады:
1) Сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметтер көрсетуге арналған тапсырма шартын жасасу туралы жария офертаға ТАПСЫРМА ШАРТЫНА қосылу туралы қол қойылған өтініш.
2) №1 Қосымша – Бірліктердің санын анықтау тәртібі;
3) №2 Қосымша – Көтермелеу марапаттары;
4) №3 Қосымша – Сақтандыру агентіне есептелетін (есепке жазылған) бірліктерді анықтау және комиссиялық сыйақыны есептеу тәртібі.

Өнім түрі | Жылдық жарнаның ең төменгі сомасы, төлем мерзімділігі, сақтандыру мерзімі |
Өмірді ерікті жинақтаушы сақтандыру | Жылына 200 000 теңге 10 жылға және одан көп (жарналардың жалпы сомасы 2 000 000 теңгеден кем емес) мерзімге, жарналардың кезеңділігі жылына 1 рет |

Сақтандыру агентінің кәсіби деңгейі | Сақтандыру агенті және Сақтандыру агентінің құрылымы жинаған бірліктер саны бойынша талаптар | Тарифтік мөлшерлеме, теңге |
1 | бірінші орындалған делдалдық қызметтен | 2500 |
2 | 35 «жеке» бірліктен астам | 3 500 |
3 | 500 бірліктен астам, оның ішінде 60 «жеке» бірліктен кем емес | 4 500 |
4 | 1 500 бірліктен астам, оның ішінде 60 «жеке» бірліктен кем емес | 5 200 |
5 | 15 000 бірліктен астам | 6 100 |

Тапсырыс шартына № 1-Қосымша/
Приложение № 1 к Договору поручения
Бірліктердің санын анықтау тәртібі/ Порядок определения количества единиц
Сақтандыру шартының түрі/ Вид договора страхования | Бірліктердің жалпы санын анықтау тәртібі/ Порядок определения общего количества единиц | Арнайы / Специальный коэффициент (К) |
Пайдаға қатысатын өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары/
«Freedom Future», «Freedom Kids»
Договоры накопительного страхования жизни с участием в прибыли
Договоры отложенного аннуитетного страхования с участием в прибыли по программе «Freedom Life» Бағдарламаның пайдасына қатысу арқылы кейінге қалдырылған аннуитеттік сақтандыру шарттары Договоры добровольного группового накопительного страхования жизни с участием в прибыли по программе «Freedom Team» Бағдарламаның пайдаға қатысумен өмірді ерікті топтық жинақтаушы сақтандыру шарттары |
Сақтандырудың бірінші жылы үшін шарт бойынша тиесілі төлемдердің (сақтандыру жарналарының) сомасы жылдардағы сақтандыру мерзіміне көбейтілген, бірақ сақтандыру шартын қолдану мерзімінен 15 жылдан аспайтын мерзім бойынша, 100 000-ға бөлу/ Сумму причитающихся по договору платежей (страховых взносов) за первый год страхования, умноженную на срок страхования в годах, но не более чем за 15 лет действия договора страхования, разделить на 100 000 |
для платежей первого года-
0,70 бірінші жылғы төлемдер үшін; для платежей второго года - 0,30 - екінші жылғы төлемдер үшін. Сақтандырудың 3-жылынан бастап комиссиялық сыйақы есептелмейді (арнайы коэффициент нөлге тең)/ Начиная с 3-го года страхования, комиссионное вознаграждение не начисляется (специальный коэффициент равен нулю) |
Договоры накопительного страхования жизни с индексацией «Freedom Money» Индекстелген, өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары | Сақтандырудың бірінші жылы үшін шарт бойынша тиесілі төлемдердің (сақтандыру жарналарының) сомасы жылдардағы сақтандыру мерзіміне көбейтілген, бірақ сақтандыру шартын қолдану мерзімінен 15 жылдан аспайтын мерзім бойынша, 200 000-ға бөлу/ Сумму причитающихся по договору платежей (страховых взносов) за первый год страхования, умноженную на срок страхования в годах, но не более чем за 15 лет действия договора страхования, разделить на 200 000 | 1 |
Договоры накопительного страхования жизни с индексацией «Freedom Capital» Индекстелген, өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары | Біржолғы сақтандыру сыйлықақысының сомасын 200 000-ға бөлу/ Сумму единовременной страховой премии разделить на 200 000 | - |
Договоры накопительного страхования жизни «Freedom First» өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары | Біржолғы сақтандыру сыйлықақысының сомасын /қосымша сақтандыру жарналарының (болған жағдайда) 200 000-ға бөлу/ Сумму единовременной страховой премии/дополнительных страховых взносов (при наличии) разделить на 200 000 | - |
Договоры группового ненакопительного (срочного) страхования «Freedom Security» Топтық жинақтаушы емес (мерзімді) сақтандыру шарттары | Шарт бойынша тиесілі барлық төлемдердің (сақтандыру жарналарының) сомасын 35 000-ға бөлу/ Сумму всех причитающихся по договору платежей (страховых взносов) разделить на 35 000 | - |
Договоры ненакопительного (срочного) страхования «Freedom Protect» Ерікті жинақтаушы емес (мерзімді) сақтандыру шарттары | Шарт бойынша тиесілі барлық төлемдердің (сақтандыру жарналарының) сомасын 40 000-ға бөлу/ Сумму всех причитающихся по договору платежей (страховых взносов) разделить на 40 000 | - |
Договоры международного медицинского страхования «Freedom Health» Халықаралық медициналық сақтандыру шарттары | Сақтандырудың 1 жылы үшін шарт бойынша тиесілі барлық төлемдердің (сақтандыру жарналарының) сомасын 40 000-ға бөлу/ Сумму всех причитающихся по договору платежей (страховых взносов) за 1 год страхования разделить на 40 000 | - |
Договоры накопительного страхования жизни на образование по программе «Freedom Education» бағдарламасы бойынша білім алуға өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары | Сақтандырудың бірінші жылы үшін шарт бойынша тиесілі төлемдердің (сақтандыру жарналарының) сомасы жылдардағы сақтандыру мерзіміне көбейтілген, бірақ сақтандыру шартын қолдану мерзімінен 10 жылдан аспайтын мерзім бойынша, 100 000-ға бөлу/ Сумму причитающихся по договору платежей (страховых взносов) за первый год страхования, умноженную на срок страхования в годах, но не более чем за 10 лет действия договора страхования, разделить на 100 000 | - |
Договоры образовательного накопительного страхования «Freedom Keleshek» (ГОНС) Білім беру жинақтаушы сақтандыру шарттары (МБЖЖ) | Сақтандырудың бірінші жылы үшін шарт бойынша тиесілі төлемдердің (сақтандыру жарналарының) сомасы жылдардағы сақтандыру мерзіміне көбейтілген, бірақ сақтандыру шартын қолдану мерзімінен 20 жылдан аспайтын мерзім бойынша, 100 000-ға бөлу/ Сумму причитающихся по договору платежей (страховых взносов) за первый год страхования, умноженную на срок страхования в годах, но не более чем за 20 лет действия договора страхования, разделить на 100 000 | - |
Тапсырма шартына № 2-Қосымша /
Приложение № 2 к Договору поручения
Көтермелеу марапаттары/ Поощрительные награды
1. Егер Сақтандыру агенті төменде келтірілген кестеге (бұдан әрі - кесте) сәйкес кезең (орындау мерзімі) үшін есептелген бірліктердің белгілі бір көлемін орындаса, Сақтандыру агентінің марапат алуға құқығы бар/ Если Страховой агент выполняет определенный объем начисленных единиц за период (срок выполнения) согласно нижеприведенной Таблице (далее - Таблица), Страховой агент имеет право на получение награды.
2. Марапат алу үшін жеке бірліктердің, топтық бірліктердің көлемі, күнтізбелік күндер саны осы Шарттың қолданылуы басталған күннен бастап есептеледі/Если Страховой агент выполняет определенный объем начисленных единиц за период (срок выполнения) согласно нижеприведенной Таблице (далее - Таблица), Страховой агент имеет право на получение награды.
3. Сақтандыру агенті көтермелеу марапаттарын кестенің 1-7-тармақшаларында осындай марапаттарды алу үшін белгіленген шарттарды орындаған кезде марапаттардың әрбір түрі бойынша бір реттен артық емес алуға құқылы/ Поощрительные награды Страховой агент вправе получить не более одного раза по каждому виду награды при исполнении условий, установленных для получения таких наград подпунктами 1-7 таблицы.
4. Марапаттар есебіне заңды және жеке тұлғалармен жасалған ерікті жинақтаушы емес (мерзімді) сақтандыру шарттары бойынша есептелген бірліктер енгізілмейді/ В расчет наград не включаются единицы, начисленные по договорам добровольного ненакопительного (срочного) страхования, заключенных с юридическими и физическими лицами.
5. Сақтандыру агенті көтермелеу марапаттарын алу үшін шарттар орындалған сәттен бастап 30 күн өткеннен кейін алуға құқылы/ Поощрительные награды Страховой агент вправе получить по истечению 30 дней с момента исполнения условий для получения награды.
№ | МАРАПАТТЫ АЛУ ШАРТТАРЫ/ УСЛОВИЯ ПОЛУЧЕНИЯ НАГРАДЫ | МАРАПАТТАР/ НАГРАДЫ |
1. | Осы Шарт жасалған күннен бастап 30 күнтізбелік күн кезеңінде 60 жеке бірлік/60 личных единиц за период 30 календарных дней с даты заключения настоящего Договора | Подарочный сертификат на сумму 35000 теңге/тенге сомасына сыйлық сертификаты |
2. | 500 бірлік/Ед. оның ішінде осы Шарт жасалған күннен бастап 90 күнтізбелік күн кезеңінде кемінде 60 жеке бірлік/ из которых не менее 60 личных единиц за период 90 календарных дней с даты заключения настоящего Договора | Портфель |
3. | 1 200 бірлік/Ед. оның ішінде осы Шарт жасалған күннен бастап 180 күнтізбелік күн кезеңінде кемінде 150 жеке бірлік/ из которых не менее 150 личных единиц за период 180 календарных дней с даты заключения настоящего Договора | Планшет / Ұялы телефон Мобильный телефон |
4. | 4 000 бірлік/Ед. оның ішінде осы Шартты жасасқан күннен бастап кез келген уақыт кезеңінде кемінде 200 жеке бірлік/ из которых не менее 200 личных единиц за любой период времени с даты заключения настоящего Договора | Ноутбук |
5. | 10 000 бірлік/Ед. оның ішінде осы Шарттың қолданылуы басталғаннан бастап екі жыл ішінде кемінде 500 жеке бірлік/ из которых не менее 500 личных единиц в течение двух лет с начала действия настоящего Договора | Гауһар бар алтын жүзік/ Золотой перстень с бриллиантом |
6. | 20 000 бірлік/Ед. оның ішінде осы Шарттың қолданылуы басталғаннан бастап үш жыл ішінде кемінде 750 жеке бірлік/ из которых не менее 750 личных единиц в течение трех лет с начала действия настоящего Договора | Швейцариялық сағаттар/ Швейцарские часы |
7. | 40 000 бірлік/Ед. оның ішінде осы Шарттың қолданылуы басталғаннан бастап үш жыл ішінде кемінде 1 500 жеке бірлік/ из которых не менее 1 500 личных единиц в течение трех лет с начала действия настоящего Договора | Автокөлік/ Автомобиль |
Тапсырма шартына № 3-Қосымша /
Приложение № 3 к Договору поручения
Сақтандыру агентіне есептелетін (есепке жазылған) бірліктерді анықтау және комиссиялық сыйақыны есептеу тәртібі/ Порядок определения начисляемых (начисленных) Страховому агенту единиц и расчета комиссионного вознаграждения
1. Сақтандыру агенті делдалдық қызметтер көрсету нәтижелері бойынша Клиент пен Сақтандыру компаниясы арасында жасалған сақтандыру шарты бойынша Сақтандыру агентіне есептелетін (есептелген) бірліктердің
Ен = Е/t, где
Ен – Сақтандыру агенті көрсеткен делдалдық қызметтердің нәтижелері бойынша есептеуге жататын (есептелген) бірліктер саны;
Е – бірліктердің жалпы саны, Тапсырма шартына 1-қосымшаға сәйкес анықталады;
t – сақтандыру шартына сәйкес төлем төлеу жүзеге асырылатын кезеңді ескеретін арнайы көрсеткіш (t=1 – бір жыл және одан көп кезең үшін, 2 – жарты жыл үшін, 4 – тоқсан үшін, 12-бір ай үшін).
2. Осы Қосымшаның 2.1-тармағында көрсетілген сақтандыру шарттары бойынша сыйақыны қоспағанда, Сақтандыру агентінің есепті айдағы дербес сыйақысының мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
Сp = Ен*К*R
мұнда Сp - Сақтандыру агентінің жеке сыйақысы;
Ен – бірліктердің саны осы Қосымшаның 2.1-тармағында көрсетілген.сақтандыру шарттары бойынша бірліктерді шегере отырып, осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес айқындалады;
единиц по договорам страхования, указанным в п.2.1. настоящего Приложения; К - 1-қосымшаға сәйкес 1 жылдан астам мерзімге сақтандыру шарттарын жасасу кезінде Сақтандыру компаниясы көрсететін қызметтердің әрбір түрі үшін мәні белгіленетін арнайы коэффициент, 1 жылдан аспайтын мерзімге жасалатын сақтандыру шарттары үшін k мәні 1-ге тең;
R – Шарттың 8-бабының 2-тармағына сәйкес делдалдық қызметтер көрсетілген есепті айдың басындағы Сақтандыру агентінің кәсіби деңгейіне сәйкес келетін Сақтандыру агентінің тарифтік мөлшерлемесі.
2.1. Ерікті топтық жинақтаушы емес (мерзімді) сақтандыру шарттары, жеке жинақтаушы емес (мерзімді) сақтандыру шарттары, өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша Cақтандыру агентінің дербес комиссиялық сыйақысының мөлшері осы сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін Cақтандыру компаниясының андеррайтері есептеген жағдайда, Cақтандыру агентінің делдалдығы кезінде жасалған сақтандыру шарттары бойынша есепті айда түскен сақтандыру сыйлықақыларынан (сақтандыру жарналарынан) пайыздармен көрсетіледі:
1) 20% (жиырма пайыз) - жеке жинақтаушы емес (мерзімді) сақтандыру шарттары бойынша;
2) 30% (jnsp пайыз) - ерікті топтық жинақтаушы емес (мерзімді) сақтандыру шарттары бойынша;
3) «Freedom Education» бағдарламасы бойынша өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша комиссиялық сыйақы мөлшері төменде келтірілген кестеге сәйкес анықталады:
Сақтандыру мерзімі, жылдармен/ Срок страхования, в годах | Дербес комиссиялық сыйақы тарифі, сақтандыру жылына сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) пайызбен (%)/Тариф персонального комиссионного вознаграждение, в процентах (%) от страховой премии (страхового взноса) за год страхования | |
Сақтандырудың 1-ші жылы/1-й год страхования | Сақтандырудың 2-ші жылы және сақтандырудың кейінгі жылдары/2-й год страхования и последующие годы страхования | |
5 | 18,0% | 0,00% |
6 | 21,6% | 0,00% |
7 | 25,2% | 0,00% |
8 | 28,8% | 0,00% |
9 | 32,4% | 0,00% |
10 және одан көп/ и более | 36,0% | 0,00% |
Өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша «Freedom Education» бағдарламасы бойынша білім алуға комиссиялық сыйақы сақтандырудың екінші жылынан бастап есептелмейді.
4) Сақтандыру сыйлықақысын біржолғы төлей отырып, Халықаралық медициналық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агентінің дербес комиссиялық сыйақысының мөлшері сақтандыру агентінің делдалдығы кезінде жасалған сақтандыру шарттары бойынша есепті айда түскен сақтандыру сыйлықақылары сомасының 24% -. (жиырма төрт пайыз) құрайды. Халықаралық медициналық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агентінің сақтандыру сыйлықақыларын төлеу кезеңділігімен айына бір рет, тоқсанына бір рет, жартыжылдықта бір рет дербес комиссиялық сыйақысының мөлшері сақтандыру шарты бойынша 1 (Бірінші) жылға тиесілі барлық сақтандыру жарналары сомасының 20,87% - ((жиырма бүтін сексен жеті жүзден бір пайызын) құрайды. сақтандыру компаниясы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) толық көлемде алған жағдайда, есепті айда сақтандыру агентінің делдалдығы, сақтанушы тиісті сақтандыру шарты бойынша төлеген. Халықаралық медициналық сақтандыру шарттарын ұзарту кезінде (қосымша келісімді ресімдеу немесе сақтандырудың жаңа мерзіміне үзіліссіз шарт жасасу жолымен) комиссиялық сыйақы мынадай талаптарды бір мезгілде сақтай отырып, осындай сақтандыру шарты бойынша жаңа мерзім үшін төленген сақтандыру сыйлықақысының 10% мөлшерінде есептеледі:
а) ұзартуға (үздіксіз ұзартуға) арналған өтініште сақтандыру агентінің т. а. ә. және оның компьютерлік нөмірі көрсетілген;
б) сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру агентінің т.а. ә. және сақтандыру шартын ұзартқан сақтандыру агентінің т. а. ә. сәйкес келеді.
5) «Freedom Capital» индекстеу арқылы өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша дербес комиссиялық сыйақы мөлшері төменде келтірілген кестеге сәйкес анықталады:
Сақтандыру мерзімі жылдармен/ Срок страхования в годах | Сақтандыру сыйлықақысынан пайызбен (%)Дербес комиссиялық сыйақы тарифі/ Тариф персонального комиссионного вознаграждение, в процентах (%) от страховой премии |
1 | 0,4 % |
2 | 1,65 % |
3 | 1,90% |
4 | 2,15% |
5 | 2,40% |
6 | 2,65% |
7 | 2,90% |
8 | 3,15% |
9 | 3,40% |
10 және одан көп/ 10 и более | 3,65% |
6) «Freedom First» өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша дербес комиссиялық сыйақы мөлшері біржолғы сақтандыру сыйлықақысы есебінен (қосымша сақтандыру жарналарын қоспағанда), төменде келтірілген кестеге сәйкес анықталады:
Сақтандыру мерзімі жылдармен/ Срок страхования в годах | Сақтандыру сыйлықақысынан пайызбен (%)Дербес комиссиялық сыйақы тарифі/ Тариф персонального комиссионного вознаграждения, в процентах (%) от страховой премии |
2 | 1,75% |
3 | 2,00% |
4 | 2,25% |
5 | 2,50% |
Қосымша сақтандыру жарнасы (бар болған жағдайда) есебінен дербес комиссиялық сыйақы мөлшері қосымша төленген сақтандыру жарнасынан 1% құрайды. Өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары («Freedom First» бағдарламасы) бойынша комиссиялық сыйақыны есептеу аталған шарттарды жасасқан Сақтандыру агентіне (дербес) тікелей, құрылым бойынша маржиналдық сыйақысы есептелмей жүргізіледі.
7) "Freedom Keleshek" (МБЖЖ) білім беру жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агентінің дербес комиссиялық сыйақысының мөлшері сақтандыру агентінің делдалдығы кезінде жасалған сақтандыру шарттары бойынша есепті айда түскен сақтандырудың бірінші жылындағы сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан 5% (бес пайыз) құрайды.
3. Осы қосымшаның 3.1-тармағында көрсетілген сақтандыру шарттарын қоспағанда, әрбір сақтандыру шарты бойынша сақтандыру агентінің есепті айдағы маржалық сыйақысының мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
Сm = Ен*К*(R – r)
мұнда Сm – маржиналдық сыйақы;
Ен – тікелей жетекшілік ететін Сақтандыру агенттеріне есептелетін (есептелген) бірліктер саны осы қосымшаның 2.1-тармағында көрсетілген сақтандыру шарттары бойынша тікелей жетекшілік ететін сақтандыру агенттеріне есептелетін (есептелген) бірліктер шегеріле отырып, осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес айқындалады;
К - 1-қосымшаға сәйкес 1 жылдан астам мерзімге сақтандыру шарттарын жасасу кезінде сақтандыру компаниясы көрсететін қызметтердің әрбір түрі үшін мәні белгіленетін арнайы коэффициент; 1 жылдан аспайтын мерзімге жасалатын сақтандыру шарттары үшін k мәні 1-ге тең;
R – Шарттың 8-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру шарты жасалған есепті айдың басындағы оның кәсіби деңгейіне сәйкес келетін сақтандыру агентінің тарифтік мөлшерлемесі;
r – Шарттың 8-бабының 2-тармағына сәйкес жетекшілік ететін Сақтандыру агенті көрсеткен делдалдық қызметтердің нәтижелері бойынша Сақтандыру компаниясымен сақтандыру шарты жасалған есепті айдың басындағы оның кәсіби деңгейіне сәйкес келетін тікелей жетекшілік ететін сақтандыру агентінің тарифтік мөлшерлемесі.
3.1. Жетекшілік ететін сақтандыру агенті жасаған халықаралық медициналық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысын біржолғы төлей отырып, Сақтандыру агентінің маржалық сыйақысының мөлшері есепті айда түскен сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1,5% (бір бүтін оннан бес пайызы) мөлшерінде есептеледі.
Жетекшілік ететін сақтандыру агенті жасаған халықаралық медициналық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарналарын айына бір рет, тоқсанына бір рет төлеу кезеңділікпен жарты жылда бір рет сақтандыру агентінің маржиналдық сыйақысының мөлшері, Сақтандыру компаниясы тиісті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) толық көлемде алған жағдайда сақтандырудың 1 (бірінші) жылы үшін сақтандыру шарты бойынша тиесілі барлық сақтандыру жарналары сомасының 1,3% - ын (бір бүтін оннан үш пайызы) құрайды.
Халықаралық медициналық сақтандыру шартын ұзарту немесе оны сақтандырудың жаңа мерзіміне жасасу кезінде маржиналдық сыйақы есептелмейді.
«Freedom Education» өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша маржиналдық сыйақы мөлшері төменде келтірілген кестеге сәйкес жетекшілік ететін сақтандыру агенттері жасаған сақтандыру шарттары бойынша сақтандырудың 1 (бірінші) жылы үшін ғана есептеледі:
Сақтандыру мерзімі, жылдармен/ Срок страхования, в годах | Сақтандыру жылындағы сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) пайызбен (%) Маржиналдық комиссиялық сыйақы тарифі/ Тариф маржинального комиссионного вознаграждение, в процентах (%) от страховой премии (страхового взноса) за год страховани | |
Сақтандырудың 1-ші жылы/ 1-й год страхования | Сақтандырудың 2-ші жылы және сақтандырудың кейінгі жылдары/2-й год страхования и последующие годы страхования | |
5 | 1,1% | 0,00% |
6 | 1,4% | 0,00% |
7 | 1,6% | 0,00% |
8 | 1,8% | 0,00% |
9 | 2,0% | 0,00% |
10 және одан көп/10 и более | 2,3% | 0,00% |
Ерікті топтық жинақтаушы емес (мерзімді) сақтандыру шарттары («Freedom Security» бағдарламасы), ерікті жинақтаушы емес (мерзімді) сақтандыру шарттары бойынша («Freedom Protect» бағдарламасы), индекстелген, өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша («Freedom Capital» бағдарламасы), өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары («Freedom First» бағдарламасы) және білім беру жинақтаушы сақтандыру шарттары (МБЖЖ) бойынша комиссиялық сыйақыны есептеу осындай шарттарды жасасқан сақтандыру агентіне (дербес) тікелей ғана, құрылым бойынша маржиналдық сыйақыны есептемей жүргізіледі.