Freedom Finance Life
Купить Онлайн
На нашем сайте Вы можете купить cтрахование от COVID-19 "Corona Protect""
Оставить заявку
Выберите страховую программу
Заказать звонок
Оставьте заявку, и мы свяжемся с Вами в ближайшее время. Или звоните по номеру 77 75
Қоңырауға тапсырыс беру
Өтінім қалдырыңыздар, біздің мамандарымыз бірнеше минут ішінде сіздерге қайта хабарласады.
Заказать звонок
Оставьте заявку, и мы свяжемся с Вами в ближайшее время. Или звоните по номеру 77 75
COVID-19 сақтандыру қай елдерде жүзеге асырылған
Зерттеу барысында, Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының мамандары, Қазақстаннан басқа қай елдерде коронавирустан сақтандырылуға болатынын анықтады.
По статистике, если обн
Своевременная диагностика
ЧтобыӨткен жылдың желтоқсан айынан бастап, COVID-19 жаңа вирусы әлемде ең басты тақырып ретінде қарастырылуда. Бүгінгі күнге, Worldometers мәліметтері бойынша, 215 ел пандемияға шалдыққан, 33млн. ауруға ұшыраған, 1 млн.астам жағдайда өлімге апарған және 24 млн. астам адам сауыққан.
Пандемия аясында, өмірді сақтандыру жөніндегі отандық және шетелдік компаниялары COVID-19 сақтандырудың жаңа өнімдерін даярлап іске қосқан. Freedom Finance Life компаниясында ашық көздер ақпараттарындағы мәліметтерін зерттеп, аталған сақтандыру түрі қай елдерде енгізілгенін айқындады. Қазақстаннан басқа, тізімге кіргендері: АҚШ, Италия, Франция, Түркия, Литва, Украина, Ресей, Қытай және Қырғызстан. Әр елде сақтандырудың өз ережелері бар.
COVID-19 сақтандыру енгізілген елдер
• Употребление табака.
АҚШ. Коронавирустан сақтандырудың нақты өнімін американдық компаниялары шығармаған, тек қолданыстағы өнімдерге COVID-19 және пневмонияны сақтандыру жағдайы ретінде енгізген. 2020 жылдың сәуір айынан бастап, сақтандыру полисі бар азаматтар үшін, емделу 21,9–38,7 мың долларға түседі (құны шамамен, емханада емделудің 6 күніне). Одан басқа, кеңес беруге 34 доллар алынатын телемедицина сервисі бар. Сақтандыру полисі жоқ адамдар үшін, стационарда бір апта емделу құны 73,3 мың долларға түседі.
Франция. Сақтандырушылар Федерациясы коронавирусты гриппке және басқа жіті респираторлық ауруларға теңестіруді жай ғана шешті, олар клиенттердің уақытша еңбекқабілеттілігінен айырылған кезде, сақтандырумен өтеледі.

Италия. Бұл жерде мамандар, COVID-19 сақтандырудың бір қатар шараларын дайындады. Мысалы, танымал еуропалық сақтандыру компаниясы Generali корпоративтік клиенттері үшін, МСБ және ірі корпорацияларды қолдау бағдарламасын іске қосты. Аталған бағдарлама бойынша, сақтандыру жағдайы туындаған кезде, сақтандырылғандарға ұзақ госпитализация барысында тәулікке 100 евро мөлшерінде төлемі жүзеге асырылады, сонымен қатар, жан сақтаудан кейін клиентті қалпына келтіру үшін 3000 евро мөлшерінде жәрдемақы беріледі. Коронавирустан сақтандыру полисі бүкіл Италиядағы әрбір компаниясының 1 млн. астам қызметкерлерінде бар екені белгілі. Сақтандырудан басқа, Generali пандемияға қарсы күресу үшін, сомасы 100 млн.евроға дейін құрайтын Халықаралық төтенше қорын құрастырды. Аталған қаражаттың бөлігі, атап айтқанда 30 млн. евро, ел тұрғындарына көмек беруге жұмсалған. Сақтандыру компаниясының қызметкерлеріне өз үлесін қосу ұсынысы жасалған, қор пайдасына бірнеше жұмыс сағатының құнын тарту ретінде.

Литва. 2020 жылдың шілдесінде, литовтық сақтандырушылары шетелге шығушы туристері үшін, COVID-19 сақтандыруды іске қосты. Аталған бағдарламаға сәйкес, сақтандырылғанның коронавирусқа шалдыққаны анықталатын болса, сақтандыру компаниялары барлық қажетті медициналық шығындарын өтейді, ал тиісті жағдайларда, елге қайту шығындарын жабады. Алайда, сақтандыру, баруға тыйым салынған тізіміне кіргізілмеген елдерде ғана қолданады.

Түркия. Бұнда маусым айында COVID-19 сақтандыруды елдегі барлық туристер үшін іске қосты. Полис құны 13 - 23 евро арасында құбылады, ал төлемдері 2 - 7 мың евро шамасында. 1 маусымнан бастап, полисті Түркияның барлық авиакомпаниялары мен әуежайларында және онлайн ресімдеуге қолжетімді болды.
Украина. Анықталғаны, бұл жерде пандемия туындағанда, аталған сақтандыру түріне сұраныс өсті. 2020 жылдың сәуір айында 10-ға жуық компаниялары COVID-19 сақтандыруды іске қосты. Және де, әр компанияның баға кесуі өздігінше – бір полиске 100 - 1500 гривнаға дейін, сақтандыру төлемдері 10 000 - 120 000 гривнаға дейін, қолдану мерзімі 3 айдан 12 айға дейін (ең көп ресімделгендері, жартыжылдық мерзімге).
Ресей. Коронавирустан сақтандыру Ресейде 2020 жылдың наурыз айының басында пайда болды. Негізінде, полистері қарапайым тәуелдік өнімдеріне ұқсас. Бір жылға жасалатын шарт ережелеріне сәйкес, сақтандыру ресімделген күнінен үш күннен кейін қолдануын бастайды. COVID-19 сақтандыру құны -2500 немесе 10 мың рубль арасында құбылады, төлеміне тәуелді. Диагнозы анықталған жағдайда, төлемдері 20 мың, 50 мың немесе 100 мың рубль мөлшерінде жүзеге асырылады.

Қытай. 20 жыл бұрын, ел азаматтарының үштен бір бөлігі медициналық сақтандыруға қол жеткізетін. Алайда, қазір бұл жерде іс жүзінде бүкіл халық сақтандырылған. Атап айтқанда, табысына, әлеуметтік мәртебесіне тәуелсіз, әр азамат медициналық қызмет көрсетуге толық қолжетімді және сапалы ем алады. Коронавирус пайда болғаннан бастап, Қытай үкіметі барлық зарарданғандарды тегін емдеу туралы мәлімдеді. Бұл шаралар, тұрғындарды медициналық көмек алуға уақтылы жүгінуге ынталандырды, және басқаларға жұқтыру тәуекелі төмендеді.

Қырғызстан. Жергілікті сақтандырушылардың шарттарына сәйкес, коронавирустан жасы 60 дейінгі азаматтар -180 күндік мерзімге сақтандырылуы мүмкін. Полис құны таңдалған бағдарламаға тәуелді -2000 сомнан 5000 сомға дейін құрайды, стационарда емделген әрбір күніне 1000 сомнан 2500 сомға дейін төлемдері жүзеге асырылады. Сақтандыру жағдайында және емханаға жатқызылғанда, төлем емделуге емес, «Ауруға байланысты уақытша еңбекқабілетсіздігі» тәуекелі бойынша атқарылады.

Қазақстанда COVID-19 сақтандыру
Коронавирустан жаппай сақтандыру елде 2020 жылдың сәуірінде басталды. Маусым айында Corona Protect бағдарламасы бойынша, Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясы бастапқы сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды.
Госпитализация кезінде қазақстандықтар негізі келесі симптомдар туралы хабарлады: дене қызуы 39 төмен емес, жөтел, қалтырау, тыныс алу қиын, екіжақты пневмония.
Аталған бағдарлама бойынша ең көп сақтандыру төлемдері Алматы қаласында жүзеге асырылды. Келесі кезекте төлемдер атқару тізімінде – Ақтау қаласы. Freedom Finance Life компаниясында төлем алған сақтандырылғандардың орташа жасы – 30 – 50 жас.
Қазіргі сәтте, Corona Protect бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам жеке және заңды тұлғалар полис ресімдеді. Соның ішінде, 42% ерлер және 58% әйелдер құрайды.
Еске саламыз, Corona Protect сақтандыру полисі 6 ай бойы бүкіл әлемде қолданады. Оның ережелеріне сәйкес, емханаға жатқызылған кезде, қаржылық көмек алуға болады. Ал сақтандырылған қайтыс болған жағдайда, төлемді мұрагерлері алады. Таңдалған пакетке сәйкес, сақтандыру құны 4900 теңгеден 24 500 теңгеге дейін құбылады, ал төлемдері - 100 мың теңгеден 5 млн.теңгеге дейін. Жасы 2-ге толған және 60-тан аспаған қазақстандықтардың сақтандырылуы мүмкін. Сақтандыруды компанияның сайтында немесе SMS арқылы жүзеге асыруға болады.
Защитите жизнь и здоровье
Получите бесплатную консультацию специалистов